Бірер жылдан бері халықтың көпшілігіне отандық автокөлікті мінуге мүмкіндік берген жобалардың бірі — жеңілдетілген автонесие. Қағаз жүзінде 2015 жылдан бастап «Нұрлы жол» экономикалық саясаты арқылы іске қосылған бастама, іс жүзінде 2021 жылы ғана халыққа жетті. Шегі жоқ несие пайыздарынан көз ашпаған азаматтарымыз үшін бұл ең тиімді бағдарламаға айналды. Талай адам көлікті болып, ел экономикасына септігін тигізді. Жоба мақсаты да осында, автонесие беру арқылы еліміздегі автонарықты дамыту. Жергілікті машина зауыттарында жасалған көліктер бағасының қолайлы болуы да халықтың сұранысын арттырды. Құжат тапсыруға бәрі таласқанымен, мемлекеттен бөлінген қаржы саны шектеулі. Сондықтан да, барлығына бірдей темір тұлпар бұйыруы екі талай.
2015 жылы жоспары құрылған жеңілдетілген автонесиеге мемлекет тарапынан 150 млрд теңге жұмсалған, толық сома алдағы төрт жылда екінші деңгейлі банктерге кері қайтарылады. Әлеуметтік жағдайы төмен топтағы адамдарды қолдау үшін бастапқы жарнасыз несие берілді. Оған демеуші компаниялар, импорттаушылар және автоөндірушілерден жиналған 220 млрд теңгені бөлген. Жеңілдетілген несиелер беру 2022 жылдың қарашасында қайта басталды. Қаржыландыру халықтан айналым (қайтарылатын) қаражаттың түсуінен жүзеге асырылатын болады. Бюджеттен және қаражаттан қосымша қаржыландыру күтілмейді. Ал IDF есебі бойынша 2000-ға жуық жаңа несие беріледі.
4%-дық несиемен темір тұлпар алу талаптары қандай?
- Жасы 25-ке толған және қарыз уақыты біткен кезде жасы 65-ден аспауы керек;
- Тек отандық жеңіл автокөлікті алуға болады;
- Несиені жеті жылға рәсімдейсіз;
Екінші деңгейлі банктер қандай шарттар ұсынады?
Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4% (кей банктерде – 7,5%), қаржыландыру мерзімі 7 жылға дейін. Бастапқы төлем 0%-дан басталады. Несиенің шекті қаражаты 10 миллион теңгеден аспайды, автокөлік құны 15 миллион теңгеге дейін. Кепіл ретінде – сатып алынған автокөлік қойылады. Қосымша қамтамасыз ету мақсатында, үшінші тұлғаның кепілдігі немесе бірлескен қарыз алушының қатысуы мүмкін. Өтініштерді қарау мерзімі бірнеше күнге созылыда. Себебі, шешім несие комитетінің отырыстарында қабылданады. Банк келіскен жағдайда қарыз алушы, көлікті сақтандыру және оны кепіл ретінде тіркеу шығындарын көтереді. Бағдарлама 30 жылға есептелген, оның ішінде несие беру мерзімі 25 жыл. Несие шарттары бойынша — қолданыстағы несиелерді өтеуден түскен төлемдер, автокөліктерді жаңадан сатып алушыларға «револьверлік» негізде қайта беріледі. Мамыр айында IDF бірнеше екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген автонесие беруге 100 млрд теңге бөлген болатын. Көлік рәсімдеу барысында әрбір банктің өзіңдік талаптары мен белгіленген мөлшерде максимальды сомалары бар (1-сурет).

Несие бағдарламасының санатына қандай автокөлік маркалары жатады?
Темір тұлпарларды екі отандық өндіруші «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС зауыттарында шығарылған машиналардың 24 үлгісін таңдай отырып, сатып алады. Модельдеріне қарай көлік құны 3,7 млн мен 14 млн теңге аралығын құрайды

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС зауытының маманының айтуынша: «несие жобасын пайдалана көлік алғысы келетіндерге таңдау бойынша шектеу жоқ. Әр азамат өзіңе ұнайтын машинасын сатып ала алады. Бірақ, несие көлік құнының 10 миллион теңгесін төлейді, төлемі асқан жағдайда алғашқы жарна арқылы қалған қаражатты азаматтар өздері төлейді. Біздің автосалонда сомасы 10 млн теңге шамасындағы көліктің 3 маркасы мен 8 моделі бар.»
Бағдарлама бойынша сатып алынған ең танымал автокөлік маркасы – Hyundai – 60,8 млрд теңге несие берілген. Екінші кезекте KIA көліктері — 35,2 млрд теңге. Ең көп сатылған көліктердің үштігінде 18,6 млрд теңгеменLada маркасы тұр. Ал ең көп алынған автокөлік үлгілері төмендегідей (3-сурет).

маркасы тұр. Ал ең көп алынған автокөлік үлгілері төмендегідей (3-сурет).
(3-сурет).
4 пайызбен автонесие өте жоғары деңгейде қай өңірде берілгені жайлы айтатын болсақ, Алматы, Нұр-Сұлтан және Қостанай облыстары көш бастап тұр.
Қанша адам көлікті болды?
Көптің ойына алғаш келетін сұрақ осы. Қазақстанның Даму банкі берген ақпараттарға сүйене стастикалық кесте жасадым (5-сурет). Жалпы, 2019 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылдың 28 қаңтарына дейінгі уақытта 61 мың қазақстандық жалпы сомасы 294,25 млрд теңгеге автонесие рәсімдеген. Араға бір жыл сала 2022 жылдың қаңтарына дейін аталған бағдарлама бойынша 13,5 мың өтінім мақұлданып, 11 мыңнан астам тұтынушы автокөліктерін алды. Ал әзірше, соңғы мәліметтерге сүйенсек маусым айының басында 24,19 мың өтініш қабылданып, оның ішінде 9,84 мыңы 72,7 млрд теңгеге мақұлданған. Жоба көрсеткіші аясында қазақстандықтарға барлығы 1618 автокөлік берілді.

Аталмыш жоба 30 жыл бойы жұмыс істейтін болса, шамамен 60 мың автокөлік жаңартылып, яғни 60 мың тұтынушы өз тұлпарына қол жеткізеді және бюджеттен бөлінген 100 млрд, 450 миллиардқа айналады. Жыл өткен сайын қаржыландыру көлемі ұлғайып жатыр. Оған себеп, халық тарапынан сұраныстардың артуы. Осы уақытта дейін автонесие алу әдісі қарапайым болғанымен, көлікті алу үшін айлап күтіп қалатын еді. Бүгінгі күні, бұрынғыдай ұзын-сонар кезекке тұрмай-ақ құжаттарыңызды рәсімдеп, өтініш мәртебесін онлайн қарап отыруға мүмкіндік ашылды. Бағдарлама қараша айында өз жалғасын табады дегенді естіген жұрт, автосалондар мен банк бөлімшелерінің қабылдауларына таласуда. Қазірдің өзінде жеті мың азамат көлік алуға онлайн өтінім жіберген.
Жұрт көңілі толды ма?
Қоғамда бұл сұраққа екі тарапты пікір қалыптасты. Бірі автокөліктер сапа жағынан ақсап тұр және бағасына сай емес десе, бірі тиімді деп мақтауда. Бірақ, жұрттың автосалондар да тұрған шегі көрінбес кезегіне қарасақ, кері пікір жоқтай. Әрине, бұған дейін мемлекет тарапынан 10%-дан аз несие болмағандықтан да халық ̎тегін̎ берілгендей жанталасты. Ал мамандар не диді?
Экономист Зуһра Балахметқызының пікірінше, Иә, халық үшін несие пайызы жағынан жеңілдетіліп жасалған жоба болар, бірақ бір ̎әттеген ай ̎ деген тұсы бар. Еліміздегі автокөліктер бағасы қол жетімсіз. Себебі, машиналардың елімізде жасалған деген аты болмаса негізгі қаңқасы шет елден келеді. Отандық өнеркәсіпті дамытуға ниеттенсек те, халықтан жиналған қаржының 80 пайызы өзге ел пайдасына түседі. Өйткені, көлік құрастырушы бөлшектер мен оның жабдықтарын сатып алуға жұмсалады.
«Жеңілдетілген автонесие бойынша «KIA geed» маркалы көлігін сатып алдым, құны 11 000 000 теңге тұрады. Алғашқы 10 пайыздық бастапқы жарнасын төледім. Есептей келе 7 жылға шаққанда, ай сайын 117 000 мың теңгеден түсті. Басқасын білмим, мен үшін бұл жеңілдікпен төлеу тиімді болды. Сан мың адам ішінен өтінішімнің қабылданғанына қуандым. Несиені «Халық банк» екінші деңгейлі банкі арқылы рәсімдедім. Айлықтық табысым осы банкке түсетін болғандықтан жекелей жеңілдіктер де болды. Әріптестерім де бастама аясында машина алды. Сапа жағын алдағы уақытта көре жатармыз.» дейді қала тұрғыны Саят Шынберген.
Менде автосалонның біріне барып бастапқы жарнаны төлегендегі бағаны бағамдап көрдім. Су жаңа Hyundai accent көлігінің бағасы – 7 млн теңге. Мұңдай машина үшін алғашқы жарна – 700 мың теңге. Ал ай сайын банкке 86 мың теңге төлейсіз. Бұл 7 жылға есептегендегі ақша. Сонда, жеті миллион теңгелік көліктің үстемақысы 1 миллион теңгедей. Көлікті алғашқы жарнасыз ала алатын, тұрмысы төмен отбасылар үшін көрсеткіш кестедегідей (5-сурет). Бұл айына 100-150 мың теңге жалақы алып, табысы күн көрісінен аспайтын халық үшін қалтаны қағатыны белгілі. Дегенмен, осыған дейін мұңдай жеңілдетілген бағдарлама болмаған соң қанағат тұтуға мәжбүр.

Аружан Арманқызы
Журналист







