Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Cаясат

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
qogamqogam
3 Мамыр, 2023
in Cаясат, Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
4
VIEWS

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы, ведомствоның жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері бірқатар лаңкестік қылмыстың, соның ішінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қолдану арқылы халық көп жиналатын орындардың бірінде жасалмақ болған террористік актіге тосқауыл қойылғаны жөнінде баяндалды. Берілген мәлімет бойынша 19 адам қамауға алынды. Ермек Сағымбаев Терроризмге қарсы орталық штабының жұмысын үйлестіру кезінде террорлық қатерлерге қарсы іс-әрекет шараларын жетілдіру үшін жаттығу жиындары мен дайындықтар өткізілгенін хабарлады.

Сонымен қатар, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің барлау әрекеттеріне қарсы іс-қимыл операциялары жүзеге асырылды. Анықталған бірқатар дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарымен бірлесе жүргізген криминоген жағдайды сауықтыру жұмыстарының нәтижесі туралы баяндалды. Биылғы төрт айда ҰҚК 8 қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады. Қару-жарақ пен оқ-дәрі жасауға қатысты 7 жасырын цех жойылды. Заңсыз айналымнан 268 қару, 21 граната және 30 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. 16 есірткі лабораториясының, 11 халықаралық және 17 өңірлік есірткі каналының жұмысы тоқтатылды.

Мемлекеттік шекараны күзету саласында 6 987 заңбұзушы ұсталды. Шамамен 2,8 миллиард теңге көлемінде валюта, алтын және басқа да тауарлардың заңсыз тасымалдануына жол берілмеді. Қару мен оқ-дәрілерді тасымалдауға қатысты 85 әрекеттің жолы кесілді. Заңсыз көші-қон бойынша 4 арнаға тосқауыл қойылып, олардың 6 ұйымдастырушысы ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық бөлімшелері 37,9 миллионнан аса кибершабуылды және елдің маңызды инфрақұрылым нысандарына бағытталған 1948 DDoS-шабуылға тойтарыс берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Алдыңғы жаңалық

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Келесі жаңалық

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

Ұқсас жаңалықтар

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді
Басты жаңалықтар

2 Мамыр, 2023
Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?
Басты жаңалықтар

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2023 Turannews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2023 Turannews.kz