Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Денсаулық

Елімізде дәрілік заттарды тіркеу үшін қандай талаптар қойылады?

Елімізде дәрілік заттарды тіркеу үшін қандай талаптар қойылады?
8 Қыркүйек, 2022
in Денсаулық
0
0
SHARES
6
VIEWS

Бейжіңде (ҚХР) ШЫҰ-ның Медициналық және фармацевтикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі конференциясы өтіп жатыр. Конференция кезінде елімізде дәрілік заттарды тіркеу үшін қандай талаптар қойылатыны айтылды, деп хабарлайды Turkistanzaman Baq.kz сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттарды сараптау департаментінің басшысы Шынар Байдуллаева онлайн форматта қатысты.

Ол өз сөзінде конференцияның ұйымдастырушылары — ШЫҰ-ның тату көршілік, достық және ынтымақтастық жөніндегі Қытай комитеті, ШЫҰ-ның Хатшылығы және ҚХР-дағы Өзбекстан Республикасының елшілігіне алғысын айтты.

Шынар Байдуллаева конференцияға қатысушылардың назарына еліміздегі дәрілік заттардың қолжетімділігін реттеу мәселелері жайында ақпарат ұсынды.

Бұл мәселе, өздеріңіз білетіндей, Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында. Денсаулық сақтау министрлігі құрылымында Медициналық-фармацевтикалық бақылау комитеті жұмыс істейді. Бұл — мемлекеттік орган және ол дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар мәселелеріне жауап береді, — деді Дәрілік заттарды сараптау департаментінің басшысы конференцияда.

Ол атап өткендей, комитеттің құрамында Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы бар. Оның негізгі міндеті — Қазақстан нарығына келетін барлық дәрілік зат пен медициналық бұйымды сараптау, тіркеу.

Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттарды сараптау департаментінің басшысы Шынар Байдуллаева елімізде дәрілік заттарды тіркеуге қойылатын талаптарға тоқталды.

Қазақстанда тіркеу іс-шараларын жүргізу үшін Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына онлайн өтініш беруге болады. Тіркеу жұмыстарының белгіленген уақыты бар. Сондай-ақ сараптама жұмыстарының уақыты — 210 күнтізбелік күн. Одан бөлек, ДДҰ-да қайта квалификациядан өткен дәрілік заттардың сараптама жұмысын қысқарту да қарастырылған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ-да қайта квалификациядан өту рәсіміне қатысады. Сонымен қатар бірқатар ел үшін зертханалық сынақтар мерзімін қысқарту белгіленген, — деп түсіндірді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілі.

Оның айтуынша, Қазақстан нарығына кірудің негізгі талаптарының бірі – тіркеу куәліктерінің иелеріне фармацевтикалық қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті тұлғаның болу талабы. Сондай-ақ бұл тұлға Қазақстан аумағында болуы керек. Онымен қоса барлық байланыс дерегі тек қазақстандық болуға ттіс. Бұл біздің тұтынушылардың, пациенттердің медициналық өнімдер туралы ақпаратқа қол жеткізу құқықтарын қамтамасыз ету үшін маңызды.

Яғни дәрілік заттарды тіркеуге дейін GP инспекция жүргізіледі. Дәрілік заттарды тіркеу кезінде GP инспекцияның басқа түрі де өткізілуі мүмкін, — деп айтты Шынар Байдуллаева.

Алдыңғы жаңалық

Шайды жиі ішетін адам анемияға шалдыға ма?

Келесі жаңалық

Шымкентте №1 клиникалық аурухананың бас дәрігері алым-салық жинады деп айыпталды

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының шалғай ауылдарындағы емханалар медициналық аппараттармен толықты
Денсаулық

Түркістан облысының шалғай ауылдарындағы емханалар медициналық аппараттармен толықты

16 Қараша, 2022
Қант диабетімен ауыратын 400 мыңнан астам науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі
Денсаулық

Қант диабетімен ауыратын 400 мыңнан астам науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі

14 Қараша, 2022
Түркістан облысында 94 мыңнан астам ауыл тұрғыны скрингтік тексеруден өтеді
Денсаулық

Түркістан облысында 94 мыңнан астам ауыл тұрғыны скрингтік тексеруден өтеді

10 Қараша, 2022
Дәрігерлер науқасты емдеуден бас тарта алады
Денсаулық

Дәрігерлер науқасты емдеуден бас тарта алады

17 Қазан, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Шымкентте №1 клиникалық аурухананың бас дәрігері алым-салық жинады деп айыпталды

Шымкентте №1 клиникалық аурухананың бас дәрігері алым-салық жинады деп айыпталды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz