Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

Қарағанды облысында «курьерлер» тұрғындар атынан несие алған

Қарағанды облысында «курьерлер» тұрғындар атынан несие алған
15 Қыркүйек, 2022
in Қоғам, Әлеумет
0
0
SHARES
8
VIEWS

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында өздерін курьер ретінде таныстырып, адамдарды алдап келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Turkistanzaman ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шахтинск қаласының полицейлері қарапайым азаматтардың атына несие рәсімдеген алаяқтар тобын ұстады. Схема бойынша үш ер адам өздерін жолдама жеткізу қызметінің курьері ретінде таныстырып, адамдарға тапсырыс бойынша хат келгенін хабарлаған. Алайда ол хатты алу үшін жеке куәлікті көрсетуді және оны суретке түсіру керектігін айтқан. Кейін анықталғандай, олар адамдардың телефонына банк қосымшасын орнатып, несие рәсімдеген. Алған ақшаны өз шоттарына аударып отырған.

Осы схема құрбандарының бірі 2 тамызда Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне жүгінген. 60 жастағы әйел белгісіз біреулер оның атына 750 мың теңге несие рәсімдегенін хабарлады.

«Белгілі болғандай, жәбірленуші саяжай қоғамдарының бірінде күзетші болып жұмыс істейді. 14 шілде күні сағат 14.00-де бақылау-өткізу пунктіне өздерін курьерміз деп таныстырған үш адам келген. Олар әйелдің атына хат келді деп мәлімдеген. Бірақ оны алу үшін ресми процедураны орындау керектігін айтқан. Курьерлер жәбірленушінің ұялы телефонын сұрап, әйелді суретке түсіріп, ұялы телефонды қайтарып берген. Жәбірленуші бұл ретте белгісіз біреулер оның телефонына банктердің бірінің мобильдік қосымшасын орнатып, ол арқылы 750 мың теңгеге несие ресімдегенін білмей қалған. Бұл туралы әйел қаржы мекемесінен тиісті жарна енгізу қажеттігі туралы SMS-хабарлама келген кезде ғана білген», — делінген Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінде.

Кейін осы «курьерлер» Шахтинск қаласының маңындағы кенттердің бірінде тұратын ер адамды алдаған. Тура сол схема бойынша әрекет еткен топ, жәбірленушіге тапсырыс хатын беру сылтауымен оны суретке түсіріп, банк қосымшасын орнатып, 6 млн теңгеге несие рәсімдеген.

«9 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді – 23, 25 және 35 жастағы үш ер адамды анықтады. Олар өз кінәсін мойындады. Полицейлер күдіктілердің осындай 8 қылмысқа қатысы барын дәлелдеді», — деді ведомстводан.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында жасөспірім 10-сынып оқушысын пышақтап өлтірген

Келесі жаңалық

Шардарада қойшы құны 23 млн теңгеден асатын малды сатып жіберген

Ұқсас жаңалықтар

4%-дық несиемен темір тұлпар
Баға

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023
Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі
Баға

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023
Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті
Аймақ

Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті

15 Қараша, 2022
«Отбасы банк» салымшылары «7-20-25» бағдарламасының орнына ұсынылған ипотекаға қалай қатысады
Қоғам

«Отбасы банк» салымшылары «7-20-25» бағдарламасының орнына ұсынылған ипотекаға қалай қатысады

15 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Шардарада қойшы құны 23 млн теңгеден асатын малды сатып жіберген

Шардарада қойшы құны 23 млн теңгеден асатын малды сатып жіберген

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz