Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Білім

2500 қазақстандық студент Ресей мен Украинадан отандық ЖОО-ларға ауысты

2500 қазақстандық студент Ресей мен Украинадан отандық ЖОО-ларға ауысты
23 Қыркүйек, 2022
in Білім, Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
102
VIEWS

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ресейлік ЖОО филиалдарын ашу жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаңтар айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға техникалық мамандар қажет екенін және Ресейдің техникалық оқу орындары біздің студенттеріміз үшін басым бағыт болатынын айтқан еді. Бірақ бұл ұсыныс туралы соңғы кезде аз естіп жүрміз. Ол туралы Президенттің соңғы Жолдауында да айтылған жоқ. Бастама қазір де өз күшінде ме? Биыл Ресейге оқуға баратын студенттер саны артты ма?», — деп жауап берді министр Орталық коммуникациялар қызметінде журналист сұрағына.

Өз жауабында министр техникалық мамандарды басым түрде даярлау тапсырмасы толыққанды жүзеге асып жатқанын айтты.

«Биыл мемлекеттік тапсырыспен 88 мың грант берілсе, оның 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінген. «Болашақ» бағдарламасында да 65 пайызға жуық стипендиаттар инженерлік-техникалық мамандықтарға жіберіледі. Ресейдің жетекші техникалық университеттерінің екі филиалы Қазақстанда ашылды. Биыл 2 қыркүйекте Атыраудағы С. Өтебаев атындағы мұнай-газ университетінде И. Губкин атындағы Ресей мұнай-газ университетінің филиалы ашылды. Ал 12 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ негізінде атақты Мәскеу инженерлік-физикалық институтының филиалы ашылды. МИФИ ядролық университетімен ядролық энергетика және ақпараттық қауіпсіздік саласында екі үлкен бағдарлама бастадық. Сондықтан бұл тапсырмалар толыққанды жүзеге асырылуда. Енді біздің талапкерлерді Ресейге жібермей-ақ, өз елімізде ең мықты ресейлік инженерлік университттерден білім алуға болады», — деп жауап берді С. Нұрбек.

Сонымен бірге, Ғылым министрі Ресей мен Украинадан елге ауысқан қазақстандық студенттер туралы айтты.

«Ресейге оқуын жалғастырғысы келетіндерге еш шектеу жоқ. Бірнеше мың қазақстандық Ресейде оқып жатыр. Ал Ресей мен Украина университеттерінен қазақстандықтар ауыстырылды ма десеңіз, мамыр айынан бастап Ресейден 2500 студент, Украинадан 34 студент Қазақстан ЖОО-ларына ауыстырылды», — деді С. Нұрбек.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі өз балаларының қайда білім алып жатқаны туралы журналистер сұрағына жауап берген еді.

Алдыңғы жаңалық

Тоқаев Түркістан облысы әкімін қабылдады

Келесі жаңалық

Қазақ тілінде 4 бестселлер кітап жарыққа шықты

Ұқсас жаңалықтар

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді
Басты жаңалықтар

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023
Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты
Басты жаңалықтар

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
Cаясат

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023
Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Басты жаңалықтар

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Қазақ тілінде 4 бестселлер кітап жарыққа шықты

Қазақ тілінде 4 бестселлер кітап жарыққа шықты

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz