Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қазақстан

Қазақстандықтар Мекке мен Мединаға тікелей әуе рейсімен қатынайды

Қазақстандықтар Мекке мен Мединаға тікелей әуе рейсімен қатынайды
27 Қыркүйек, 2022
in Қазақстан, Әлем
0
0
SHARES
28
VIEWS

Сауд Арабиясы бүкіл әлемнің құлшылық етушілерін қолдауға арналған «Nusuk» атты интеграцияланған мемлекеттік цифрлық платформаны іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қажылық және Умра министрі Тауфик әл-Рәбианың сөзіне қарағанда, аталған жобаның Қазақстанды да қамтуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы елге жасаған сапары қаншалықты жемісті болғанын көрсетеді.

«Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынас өте қарқынды дамып келеді. Бізді жоғары мәртебелі Президент мырзаның екі ай бұрын Сауд Арабиясына жасаған сапары қуантты. Бұл сапар өте жемісті болып, көптеген келісімге қол қойылды. Келешекте бұл келісімдер екі ел қарым-қатынасына серпін береді деп ойлаймыз. Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынастың тығыз екенін айта отырып, мен Қажылық және Умра министрі болып тағайындалғаннан кейінгі екінші сапарымды сіздерге жасап отырғанымды атап өткім келеді. Яғни, бұл менің осы лауазымдағы екінші сапарым болып тұр.

Сондай-ақ екі елдің тығыз байланысының бір мысалы ретінде Қазақстан азаматтарының Сауд Арабиясына сайт арқылы немесе Сауда Арабиясының Елшілігіне бару арқылы электронды виза алып, қажылық жасай алатынын келтіруге болады», — дейді министр.

Сонымен қатар доктор Тауфик әл-Рәбиа екі елдің арасында тікелей әуе рейстерін ашу арқылы Nusuk жобасын қолданушы қазақстандықтардың сапарын одан әрі жеңілдете түсу жоспарда бар екенін жеткізді.

«Бұл істе біз Қазақстан Үкіметімен бірге бүкіл шараларды қарастырып жатырмыз. Fly Nas компаниясымен келіссөз жүріп жатыр. 2023 жылы осы бағытта жаңалық болады. Бірақ бұл біз әуе тасымалында тек Fly Nas компаниясымен ғана әріптестік орнатамыз деген сөз емес. Есігіміз бәріне ашық – Сауд Арабиясының компанияларына да, Қазақстан компанияларына да ашықпыз. Келешекте Қазақстан мен Сауд Арабиясының қалалары арасында әуе тасымалын дамытуды жоспарлап отырмыз. Бүгін мен Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрімен кездесу өткіздім. Сол кезде осы мәселені талқыладық. Сондай-ақ біз екі елдің әуе компанияларының әріптестігін дамыту, екі елдің арасында тікелей әуе қатынасын орнату мәселелерін сөз еттік. Министр мырза бұл идеяны қолдап, келешекте міндетті түрде аталған мәселені зерделеп, тікелей әуе қатынасын енгізетінін мәлім етті», — деді Сауд Арабиясының өкілі.

Алдыңғы жаңалық

Kaspi.kz Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі анықтама алу сервисін іске қосты

Келесі жаңалық

Мемлекет басшысы шатыр басып қалған туды көтерген азаматтарға алғыс айтты

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі
Баға

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023
Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады
Басты жаңалықтар

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023
БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр
Басты жаңалықтар

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі қызметіне тағайындалды
Билік

Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі қызметіне тағайындалды

4 Сәуір, 2023

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Мемлекет басшысы шатыр басып қалған туды көтерген азаматтарға алғыс айтты

Мемлекет басшысы шатыр басып қалған туды көтерген азаматтарға алғыс айтты

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz