Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

100 мың баланы қамтуы тиіс «Kids go free» бағдарламасына 1200 бала ғана қатысқан

100 мың баланы қамтуы тиіс «Kids go free» бағдарламасына 1200 бала ғана қатысқан
12 Қазан, 2022
in Қоғам
0
0
SHARES
10
VIEWS

Жыл басынан бері «Kids go free» бағдарламасымен 1200 бала ғана әуе сапарларын тегін пайдалана алған. Туризм саласындағы көлік мәселелері жөнінде Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздегі туристік саланың жүйелі дамып, оның экономикалық оң әсерін күткелі біраз жылдың жүзі болды. Әр уақытта Қазақстандағы туризмнің тұрақты дамуына кедергі келтіретін мәселелер мен қиындықтар туындап отыратыны бар. Мысалы, турист болса – маршрут жоқ, маршрут бар да – инфрақұрылым жоқ, инфрақұрылым болса – ұсынатын өнім жоқ. Біреуі болса, біреуі жоқ, шамасы бұл салада жүйелі жұмыс жоқ», — деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Е. Бейсенбаев пандемия аяқталып, ішкі туризмге қызығатын, төлем мүмкіндігі бар туристердің саны артқанын атап өтті.

«Оған қоса сапалы, әрі тарихи туристік нысандар мен киелі орындардың саны артып, олардың жан-жақты жарнамалануын байқап отырмыз. Бұл сала үшін аталған жағдайды «сәтті туристік уақыт» деп айтуға келеді. Бірақ, адам қалағанымен транспорттық жүйе реттелмеуінен еліміздің барлық табиғи сұлулығына жету мүмкін емес болып шықты. Оның ішінде әуе сапарлары бойынша ең көп шағым келіп түсуде. Ұшу жиілігінің төмендігі, реттеуге келмейтін түсініксіз әуе билеттерінің баға мәселесі, қызмет көрсету сапасы мен рейстерді негізсіз кешіктіру сияқты мәселелерді тізіп кете беруге болады. Оған қоса, әуе компанияларымен турпакеттер бойынша келіссөздер жүргізу мүмкін еместігін турагенттіктер жиі көтереді», — деді Е. Бейсенбаев.

Депутат әуе жолдарына қоса, теміржол мәселесі де өзекті екенін жеткізді.

«Қазақстан теміржолының туристік бағыттарды дамытуға қауқары да, ниеті де жоқ сияқты көрінеді. Бұл компания елдегі монополист бола тұра, өзінің басты бағытын жүк тасымалдауға арнаған. Ал, халық қолданатын вагондардың сапасы нашар, интермодальды тасымалдау тәжірибесі жоқ, туристік кластағы пойыздар туралы айтпай-ақ қоялық. Еуропаны айтпағанда, Орталық Азия және өзге жекелеген мемлекеттермен байланыстыратын халықаралық туристік жүйені қалыптастыра алмадық. Соның кесірінен Жібек жолы бойындағы теміржол маршруттарының орнын көршілес Өзбекстан өз стиліндегі жайлы вагондарымен туристік кластер ретінде іске асырып отыр», — деді ол.

Үшіншіден, автокөлікпен жүретін жолдардың жағдайы сын көтермейтіні туралы депутаттық сауалдар жетерлік.

«Тіпті Мемлекет басшы бұл мәселені шешетін уақыт жетті деп Үкіметті сүйрелеп жүргенін білеміз. Бір ғана мысал, еліміз бойынша ең кемі 4 мың шақырымнан асатын 166 бағыт бойынша автожолдарды жөндеу мен реконструкциялау қажеттігі анықталған. Жыл басында депутаттардың табанды қолдауымен туризм саласын дамытуға оң әсер беретін бірнеше жаңа ұсыныс енгізілген еді. Бірақ, бұл мәселеде де бюрократиялық шырмаулар көбейіп, «Kids go free» бағдарламасымен 10 айда небәрі 1200 бала ғана әуе сапарларын тегін пайдалана алған, жоспар бойынша кемінде 100 мың баланы қамтимыз деп еді. Баланың ұшу билеті қайтарылады дегеніміз қайда? Бағдарламаның тиімсіздігі елдің Үкіметке деген жаппай сенімсіздігін туындататыны анық емес пе», — деді Е. Бейсенбаев.

Бұған дейін депутат Қазақстандағы ұшақ рейстерінің жиі кешігуі мәселесін көтерген еді.

Алдыңғы жаңалық

Ердоған Астанада Путинмен кездесіп, Украина бойынша ұсыныс жасамақ

Келесі жаңалық

Фейсбук фейк аккаунттарды жаба бастады

Ұқсас жаңалықтар

4%-дық несиемен темір тұлпар
Баға

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023
Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті
Аймақ

Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті

15 Қараша, 2022
«Отбасы банк» салымшылары «7-20-25» бағдарламасының орнына ұсынылған ипотекаға қалай қатысады
Қоғам

«Отбасы банк» салымшылары «7-20-25» бағдарламасының орнына ұсынылған ипотекаға қалай қатысады

15 Қараша, 2022
Шымкентте 250 млн теңгенің салығын төлемеген кәсіпкер сотталды
Қоғам

Шымкентте 250 млн теңгенің салығын төлемеген кәсіпкер сотталды

15 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Қазақстанға келген ресейліктердің жартысынан көбі кетті

Фейсбук фейк аккаунттарды жаба бастады

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz