Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Билік

Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы да мықты

Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы да мықты
17 Қазан, 2022
in Билік
0
0
SHARES
5
VIEWS

Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп БАҚ өкілдерінің жалақысы мен мәртебесіне қатысты пікірін жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қоғамның қызуын кім, не өлшейді?

Менің жеке пікірім: журналистер, ақындар мен жазушылар, өнер адамдары осы қоғамда градусник рөлін атқаратын сияқты…Бәрі бірдей емес…Өте сезімтал, жүрегі ел, жер деп соғатын жандар қоғамның қайғысы мен қасіретін, орын алған олқылықтар зардабын, алда болатын қауіп-қатер, көзге көрінбейтін, салмаққа өлшенбейтін, ұстағанға білінбейтін өте нәзік жан иірімдері арқылы ерте сезетін шығармашыл адамдар Әділет жолында жанын да, жүйкесін де аямайды, — деді ол.

«Еститін мемлекет» қағидасы жақсы. Бірақ елдің үнін шырылдап жеткізіп жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жанайқайын кім естиді?

Тірегі де, тілегі де Мемлекет емес пе солардың? Санда болғанымен санатта жоқ журналистер корпусы қазір ең қорғансыз салаға айналды. Өз өмірін осы журналистикаға арнаған Татьяна Костина өтті өмірден…Ақтық сапарын әріптесіміз Жанна Ойшыбай зыр жүгіріп ұйымдастырды. Егемен мен Казправда ұжымы қалыс қалмады. Ержұман Смайыл, Әділ Дүйсенбек, Жұмабек Кенжалин, Жолдасбек Дуанабай, Ерғали Сағат, Дүрәлі Дүйсебай сияқты қазақ баспасөзінің тарландары да өтіп кетті өмірден…Қызмет істеген ұжымдары ғана қаралы шаңырақ қасынан табылды, — деді Сенатор.

Журналистер не үшін көз майын тауысып газет шығарды? Кім үшін олар өз денсаулығын құртты?

Осы Ел үшін! жер үшін! Мемлекет үшін! Әділетті қоғам үшін! Еңбегі еш, тұзы сор журналист қауымы келешектен үміт үзбей, күн сайын жортуылда жүр, еңбегін бұлдамайды ешқашан. Қазақ қоғамының қызуы қай дәрежеде екенін білу үшін жарыққа шығып жатқан қазақ баспасөзіне арнайы мониторинг жүргізсе жетіп жатыр. Соңғы отыз жылда ең көп көтерілген тақырып қандай? Толғандырған мәселе қайсы? Кетіп жатқан кемшілік неде? Бәрі тұр!, — деді спикер.

Айтуынша, бір кездері сұқбатында Ерлан Қарин «Қазақ газеттері оппозицияның орнын алмастырды» деп еді.

Қазір газет атаулының күні — өлмешінің күйі. «Шықпа жаным шықпа» деумен отыр. Аудандық газеттерден бастап республикалық басылымдар қымбатшылық зардабын тартып келеді; жалақысы да қаламақысы да мардымсыз…әлеуметтік пакет атаулыдан жұрдай, қоғамдағы мәртебесі анықталып, бекітілмегеннен кейін сайда саны, құмда ізі жоқ жалаңаш, қауқарсыз, қорғансыз қауымға айналып барады, — деді сенатор.

Ол Міржақып Дулатұлының «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы да мықты» сөзін мысал келтірді.

Қазір «ақпараттық майдан» жүріп жатыр деседі. Майданда — мықты қару керек. Бізде қару да қауқар да шамалы. Алдыңғы шепте жүрген журналистер жалаңаяқ жар кешіп, қызылаяқ қар кешіп осылай жүре бере ме? Құдіретті Сөз қадірі қайта орала ма мына жұртқа? Құндылықтар қашан қалпына келеді? Кім бар осыны еститін? Кім бар мұны көретін?, — деді Нұртөре Жүсіп.

Алдыңғы жаңалық

Қытайдың үш автокөлік бренді Қазақстанда зауыт ашуға ниетті

Келесі жаңалық

Дәрігерлер науқасты емдеуден бас тарта алады

Ұқсас жаңалықтар

Антикор басшысы Президентке есеп берді
Билік

Антикор басшысы Президентке есеп берді

11 Сәуір, 2023
Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі қызметіне тағайындалды
Билік

Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі қызметіне тағайындалды

4 Сәуір, 2023
Түркістан өңірінде туризм саласын дамыту жолдары сарапталды
Басты жаңалықтар

Түркістан өңірінде туризм саласын дамыту жолдары сарапталды

16 Қараша, 2022
Партиялық емес байқау орталығы 1800-ге жуық байқаушыны даярлады
Билік

Партиялық емес байқау орталығы 1800-ге жуық байқаушыны даярлады

15 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Дәрігерлер науқасты емдеуден бас тарта алады

Дәрігерлер науқасты емдеуден бас тарта алады

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz