Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

Қазақстандық онлайн-сервистерде қазақ тілінде қызмет көрсетілмейді

Қазақстандық онлайн-сервистерде қазақ тілінде қызмет көрсетілмейді
20 Қазан, 2022
in Қоғам
0
0
SHARES
45
VIEWS

Chocolife компаниясының директоры Рамиль Мухоряпов даулы мәлімдемесінен кейін әп-сәтте қазақстандықтарға танылды. Ең қызығы, Мухоряповтың қарамағындағы 7 сервистің тек 2-інде ғана қазақ тілінде қызмет көрсетіледі екен. Осы тұста Stan.kz тілшісі елдегі танымал сервистердің сайттары мен қосымшаларына мониторинг жүргізіп, қайсында қазақша қызмет көрсетілетінін анықтады.

Айта кетейік, бұған дейін журналист және Қазақстан Халықтары ассамблеясының мүшесі Максим Рожин Рамиль Мухоряповтың иелігіндегі 7 сервиске сараптама жүргізіп, қазақ тілінде қызмет көрсету мәселесіне тоқталды. Журналистің мәліметіне сәйкес, 7 сервистік тек 2-і қазақ тілінде қызмет ұсынады екен.

Ұшақ және теміржол билетін сатып алуға арналған Aviata.kz сервисінде қазақ тілін таңдау мүмкін емес. Орыс тілінде ғана қызмет ұсынатын сервистердің қатарында Chocofood.kz, Lensmark.kz пен Chocolife.me сервистері бар. Журналистің сөзінше, Chocolife.me сайтында қазақ тіліндегі нұсқаны таңдағанымен, ештеңе өзгермейді.

Қазақ тіліндегі нұсқасы бар сервистер — Idoctor.kz мен Chocotravel.kz. Дегенмен журналист бұл жағдай көңіл көншітпейтінін айтып өтті.

Бұдан өзге Stan.kz тілшісі төмендегі сервистерден қазақ тілінде қызмет таба алмады.

Market.kz, Kolesa.kz және Krisha.kz

Kolesa Group компаниясының құрамына кіретін Market.kz, Kolesa.kz және Krisha.kz сервистерінің тек екеуінің сайтында тілді ауыстыруға арналған батырма бар. Market.kz сервисінде мемлекеттік тілдегі бет жоқ. Ақпараттар мен хабарландырулар тек орыс тілінде ұсынылған.

Olx.kz

Елдегі танымал хабарландыру орналастыруға арналған сервистің сайтында қазақ тіліне ауысу мүмкіндігі қарастырылған. Алайда мобильді қосымшасында ақпараттар мен хабарландыруларды тек орыс тілінде оқуға болады. Қазақ тілді қолданушылар қосымшада тіл ауыстыра алмайды.

Kino.kz және Kassir.kz

Кинотеатрға билетті онлайн сатып алу қызметін ұсынатын Kino.kz сервисінің сайты мен мобильді қосымшасында да қазақ тілін таңдау мүмкіндігі жоқ. Онлайн билет сатып алуға арналған Kassir.kz сервисінде де мәліметті мемлекеттік тілге ауыстыра алмайсыз.

Азық түлік пен тамақ жеткізу қызметтері

Яндекс компаниясының құрамындағы Яндекс.Еда сервисінің сайтында тілді ауыстыруға арналған батырма болғанымен, тізімде қазақ тілі жоқ.

Glovo жеткізу қызметінің сайтында қызметті қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде алуға болады. Алайда мобильді қосымшасында қазақ тілін таңдау мүмкін емес.

Wolt сервисінің сайтында қазақ тіліне ауысуға арналған батырма болғанымен мобильді қосымшасында қазақ тілінде қызмет алу мүмкін емес.

Өз тұтынушыларына өнімдердің кең ассортиментін ұсынатын Арбуз.kz азық-түлік жеткізу қызметінің сайтында және мобильді қосымшасында тілді ауыстыруға арналған батырма жоқ.

Меломан және Flip.kz

Қазақстандағы ірі Меломан дүкендер желісінің сайтында да, қосымшасында да қазақ тілінде қызмет көрсетілмейді. Сол секілді Flip.kz интернет-дүкенінің платформаларынан да қазақ тілінде ешнәрсе таппайсыз.

Lamoda.kz

Онлайн киім дүкенінің сайты тек орыс тілінде жұмыс істейді, тілді ауыстыру батырмасы жоқ.

Aster.kz

Жаңа немесе қолданыста болған көлік сатып алу және сату қызметін ұсынатын Aster дүкенінің сайтында қазақ тілінде ақпарат ұсынылмайды. Барлық хабарландырулар мен ақпараттар орыс тілінде жарияланған.

Алдыңғы жаңалық

"Басқа шара қалмады": Түркістан облысында мақта бағасына наразы шаруалар жолды жауып тастады

Келесі жаңалық

Түркістан облысында көлік өртеніп, бір адам көз жұмды

Ұқсас жаңалықтар

4%-дық несиемен темір тұлпар
Баға

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023
Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті
Аймақ

Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті

15 Қараша, 2022
«Отбасы банк» салымшылары «7-20-25» бағдарламасының орнына ұсынылған ипотекаға қалай қатысады
Қоғам

«Отбасы банк» салымшылары «7-20-25» бағдарламасының орнына ұсынылған ипотекаға қалай қатысады

15 Қараша, 2022
Шымкентте 250 млн теңгенің салығын төлемеген кәсіпкер сотталды
Қоғам

Шымкентте 250 млн теңгенің салығын төлемеген кәсіпкер сотталды

15 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Түркістан облысында көлік өртеніп, бір адам көз жұмды

Түркістан облысында көлік өртеніп, бір адам көз жұмды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz