Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Тоқаев: Түркі мемлекеттері ұйымының қызметін БАҚ арқылы белсенді түрде дәріптеу керек

Тоқаев: Түркі мемлекеттері ұйымының қызметін БАҚ арқылы белсенді түрде дәріптеу керек
11 Қараша, 2022
in Басты жаңалықтар, Билік
0
0
SHARES
9
VIEWS

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тағы бір маңызды мәселеге тоқталғым келеді. Түркі мемлекеттері ұйымының қызметін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді түрде дәріптеуіміз керек. Бұл – өте қажет нәрсе. Осы жұмысты елдеріміздің ішіндегі ақпарат құралдары және белгілі халықаралық агенттіктер аясында жүргізуге болады. Себебі, әлем қауымдастығы біздің түркі әлеміндегі ықпалдастықты нығайту үшін жасап жатқан ауқымды жұмысымыз туралы білуі қажет, — деді ол.

Президент Түркі мемлекеттері ұйымы барша түркі әлеміндегі халықтарды жақындастыратын ықпалды орталыққа айналуы қажет екенін айтты.

Шындығын айтсақ, жаһан жұртшылығы біздің ұйымның жұмысы туралы әлі де жақсы біле бермейді. Дегенмен, қазір Түркі ынтымақтастығы идеясы бүкіл әлемнің назарын өзіне аудара бастады. Түркі өркениеті туралы хабар беретін құнды деректер жер шарының түрлі аймақтары мен құрлықтарынан табылып жатыр. Бұл – біздің елдерімізге ортақ құндылықтар. Сондықтан, қолда бар тарихи және тілдік деректерді жүйелеп, ретке келтіру маңызды міндет деп ойлаймын. Ғылыми институттардың және мекемелердің аясында белсенді жұмыс ұйымдастырып, оны әлем жұртшылығына кеңінен таныстыруымыз керек. Ұйымның жұмысы дипломатиялық саммиттер мен қорытынды құжаттары бар кездесулермен ғана шектеліп қалмағаны жөн. Түркі мемлекеттері ұйымы барша түркі әлеміндегі халықтарды жақындастыратын ықпалды орталыққа айналуы қажет деп санаймын, — деді Президент.

Президент Қазақстан барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын сөзсіз қолдайтынын айтты.

Қазақстан барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын сөзсіз қолдайды, сондай-ақ БҰҰ Жарғысын мүлтіксіз сақтау қажет деп есептейді. Бұл – біздің еліміздің негізгі мүддесіне толық сай келетін маңызды қағидат. Сондықтан біз осы қағидатқа әрдайым басымдық беретін боламыз, — деді Тоқаев.

Алдыңғы жаңалық

Алматыда «барахолка» өртеніп жатыр

Келесі жаңалық

Тоқаев түркі мемлекеттері ұйымының Цифрландыру орталығын құруды ұсынды

Ұқсас жаңалықтар

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді
Басты жаңалықтар

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023
Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты
Басты жаңалықтар

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
Cаясат

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023
Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Басты жаңалықтар

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Тоқаев түркі мемлекеттері ұйымының Цифрландыру орталығын құруды ұсынды

Тоқаев түркі мемлекеттері ұйымының Цифрландыру орталығын құруды ұсынды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz