Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Серікқали Брекешев түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

Серікқали Брекешев түркістан облысының тұрғындарымен кездесті
11 Қараша, 2022
in Басты жаңалықтар, Билік
0
0
SHARES
80
VIEWS

Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ермен Кенжеханұлы, еңбек ұжымдарының өкілдері, табиғат жанашырлары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.

Министр тұрғындар алдында жалпы республика және өңір бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті.

Тұрғындармен кездесуде ескірген кәріз тазарту құрылыстары, кей жерлерде тіпті олардың болмауы, қалдықтарды басқару және қайта өңдеу саласы, атмосфералық ауаның сапасы, су саласын, орман және балық шаруашылығын дамыту секілді өзекті мәселелер айтылды.

Түркістан облысының экологиялық проблемаларын шешу үшін Жол картасында 21 іс-шара қарастырылып, бүгінде 9-ы орындалған. Оның ішінде «Түркістан Жылу» МҚК-да қазандығы газға ауыстырылып, жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, Түркістан қаласы мен облыс аудандарында жеке секторды газдандыру мен жасыл желектерге инвентаризация жүргізілген.

Бұдан бөлек, министрлік стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болу мәселесін шешу үшін бірқатар жүйелі шаралар қабылдады, олардың саны облыс бойынша жылына 400 бірліктен асады. Кешенді жұмыс жүргізу үшін министр әкімдікке коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеуді және бекітуді ұсынды.

Су саласын дамыту бойынша министр су шаруашылығындағы негізгі проблемалар ретінде су шаруашылығы объектілерінің тозуының жоғары деңгейі және судың үлкен шығыны болып табылатынын атап өтті. Бұл ретте, қазіргі уақытта су шаруашылығы инфрақұрылымын салу мен реконструкциялау және суару арналарын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде.

«Шардара су қоймасы бөгетін қайта құру және сейсмикалық тұрақтылығын арттыру бойынша үлкен жоба іске асырылуда, ол Түркістан және Қызылорда облыстарының 260 мың халқы бар 231 АЕМ тұрғындарын су басу қаупінен сақтауға және оларды кепілді суармалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді С.Брекешев.

Сырдария өзеніндегі Көксарай контрреттегішінің бөгетіне және басқа да бірнеше гидротехникалық құрылыстарға да қайта құру жүргізіледі. Мұның бәрі 48,2 мың га суармалы жерді жақсартуға, сумен қамтамасыз етуге кепілдік болады және қосымша 1,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, министр орман және балық шаруашылығын дамыту мәселелерін де тілге тиек етіп, Түркістан облысы балық өсіру бойынша көшбасшы екенін атап өтті. Бағдарламаға сәйкес, биыл өңір бойынша 6,1 мың тонна балық өсіру жоспарланған. Жыл басынан бері 4,1 мың тонна тауарлық балық өсірілді. Биыл сазан, форель және африкалық сом өсіретін 4 тоған балық фермасы құрылды.

«Облыс әкімдігінен балық шаруашылығы саласындағы басқа инвестициялық жобалардың іске асырылуын ерекше бақылауға алуды және қажетті жәрдем көрсетуді, оның ішінде субсидиялауға қаражат бөлуді сұраймын», — деп қорытындылады С.Брекешев.

Есеп беру кездесуінен кейін министр азаматтарды жеке қабылдап, сұрақтар мен өтініштердің назарға алынатынын жеткізді.

Сапар аясында министр су шаруашылығы саласында атқарған елеулі еңбектері үшін «Қазсушар” РМК Түркістан филиалы Мақтарал өндірістік бөлімшесінің бас инженері Қ. Сарбасов пен «Қазсушар” РМК Қызылорда филиалының бөлім басшысы Б. Таймановты марапаттады және жиналған қауымға алғысын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.

Алдыңғы жаңалық

Жыл басынан бері 570 адам төтенше жағдайдан мерт болған - Юрий Ильин

Келесі жаңалық

Биыл Кентау қаласында 46 көше жөндеуден өткізілді

Ұқсас жаңалықтар

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді
Басты жаңалықтар

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023
Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты
Басты жаңалықтар

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
Cаясат

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023
Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Басты жаңалықтар

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Биыл Кентау қаласында 46 көше жөндеуден өткізілді

Биыл Кентау қаласында 46 көше жөндеуден өткізілді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz