Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған

Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған
16 Қараша, 2022
in Аймақ
0
0
SHARES
6
VIEWS

Ордабасы ауданында 57 елдімекеннің биыл 9-ы табиғи газбен қамтылды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі таңда Темірлан, Қайнар, Ынтымақ, Ұялыжар, Қажымұқан, Боралдай, Қызылсеңгір, Ықыластемір, Теспе елдімекендеріне газ берілген. Сондай-ақ биыл 24 елдімекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 2023 жылға өтпелі. Жұмыстар толық аяқталған соң 69 952 тұрғын табиғи газға қол жеткізіп, қамту көрсеткіші 57,3%-ға артады.

Сондай-ақ, инфрақұрылым бойынша аудандағы 57 елдімекеннің 48-і құбырлы ауызсумен қамтылған. Қамту көрсеткіші — 92,4%. Ал электр қуатымен ауданның 99%-ы қамтылған. Аудан көлемінде жалпы автомобиль жолының ұзындығы 1 398,4 шақырымды құрайды. Биыл 1,3 млрд. теңгеге 32,3 шақырымды құрайтын 8 аудандық маңызы бар автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен қанағатты жағдайы 71,5%-ға жетеді.

Бұдан өзге, 2022 жылдың 9 айында ауданда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 25 мың 723 шаршы метрді құраған. Сондай-ақ, аудан әкімдігі тарапынан Темірлан ауылындағы тұрғын үй иелерімен келісімдер жасалып, аудандық бюджет есебінен 9 тұрғын үй жөндеуден өткен.

— Ауданға есепті кезеңде 26 млрд. 251 млн. теңге инвестиция тартылды. Бұл былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10 млрд. 955 млн. теңгеге артқандығын көрсетіп отыр. «Бадам» индустриалдық аймағында жалпы құны 21 млрд. 234 млн. теңгені құрайтын 310 жұмыс орнымен 6 жоба орналасқан. Оның ішінде 170 жаңа жұмыс орнымен 4 жоба іске қосылған, — деді Нұрбек Бақтыбайұлы.

Аймақта ауыл шаруашылығы саласында 9 айда 53 млрд 818 млн. теңгенің өнімі өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 млрд. 446 млн. теңгеге артып отыр. Жалпы ауданда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2022 жылдың 9 айында өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі 97,5 млрд. теңгені құраған.

Айта кетейік, бүгінде ауданда өнеркәсіп саласында 40 кәсіпорын бар. Оның ішінде, 3 ірі, 3 орта, 30 шағын, 4 қосалқы кәсіпорын жұмыс істейді. Салада биыл 9 айда 21 млрд. 190 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

 

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті

Келесі жаңалық

Түркістан өңірінде туризм саласын дамыту жолдары сарапталды

Ұқсас жаңалықтар

Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?
Аймақ

Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?

4 Сәуір, 2023
Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті
Аймақ

Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті

15 Қараша, 2022
Арыста көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақ

Арыста көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр

15 Қараша, 2022
Шектеуі бар адамдарды үш мемлекетің шекарасынан өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Аймақ

Шектеуі бар адамдарды үш мемлекетің шекарасынан өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

14 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Түркістан өңірінде туризм саласын дамыту жолдары сарапталды

Түркістан өңірінде туризм саласын дамыту жолдары сарапталды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz