Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Зардап шеккендер көмексіз қалмады

Зардап шеккендер көмексіз қалмады
3 Мамыр, 2022
in Өзекті мәселе
0
0
SHARES
6
VIEWS

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіле бастады. Шығын болған малға да өтемақы берілуде. Дегенмен кейбір тұрғындар өлген мал дұрыс саналмады деп отыр. Яғни, суға кеткен малдың саны азайтылып, сырғаланбай қалғандары есепке алынбапты.

Бақытгүл Мырзабекова Заңғар ауылының тұрғыны. Судан үйінің іргетасы үгітіліп, комиссия «үй апаттық жағдайда» деген тұжырым шығарған. Тіпті үй ішіндегі заттар түгелдей дерлік қолданысқа жарамсыз. Сондықтан ол отбасымен бірге ауылдағы бос тұрған үйге көшіп келді.

Бақытгүл Мырзабекова — заңғар ауылының тұрғыны:
«Судың ішіне бір метрдей су кірген. Соның ішінде жаңағы кір жуғыш мәшинем істемей қалған. Ол ағып біраз жерге барған. Духовкам бар еді ,ол да істемей қалған да ол да. Бір компютерім ол істемей қалған. Кілемдерім төрт жаңа кілемім лай басып, үсті иістеніп, иісі шығып кеткен. Былай жуып алу мүмкін емес болып тұр енді».

Бұдан бөлек, Сарапхана ауылының тұрғындары өлген малымыз дұрыс саналмады деп ашынады. Яғни, суға кеткен малдың саны азайтылып, сырғаланбай қалғандары есепке алынбапты. Бұл ауылда жұрттың малын бағатын қойшының қорасындағы 400 қойдың 213-і арам қатқан. Бірақ жергілікті билік өлген малдың санын 157 деп есептеген.

Нұрғали Қоңыратбаев — малшы:
«Сырғаланбаған малды есепке алмаймыз деп жатыр. Оны үш жылдан бері сырға салуды тоқтатқан өздері. Сырға салуды қойды. Баяғыда жылда көктемде салушы еді, енді ондай жоқ. Мен соған үрейленіп отырмын. Мына халық еш болмаса мал басына шығынын өтеп алса деп жүгіріп жүрмін мен».

Осындай мәселеге тап болған халыққа «Қазақстанның қызыл жарты ай» қоғамы бейжай қарамады. Олар екінші деңгейлі банкпен бірлесіп Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарында су тасқынан зардап шеккен 180 отбасы, 1115 тұрғынға 111 млн теңге бөлді. Отбасының әр мүшесіне 100 мың теңгеден үлестіріп шықты. Тұрғындарға банк карточкаларын да берген. Мұндай көмек Қазығұрт ауданындағы 173, Сарыағаш ауданы Бағыс ауылындағы 7 отбасыға берілген.

Малика Жүсіпова — «Қазақстан қызыл айы» қоғамы ТО филиалының төрайымы:
«Қазір біз енді төсеніш алып келіп отырмыз. Гигенический набор, киімдерін алып келіп жатырмыз. Соны таратып, көмегімізді беріп шығамыз».

Шығыны шаш етектен болған тұрғындар 100 мың теңге де жыртыққа жамау деп ризашылығын білдірді.

Мариям Серікова — Шанақ ауылының тұрғыны:
«Кеше су тасқынанан кейін әбіржіп қалып едік. Су тасығаннан кейін біраз әбіржіп қалып едік. Тек қана мен емес, ауылдың көпшілігі су шайып өткен жерлер қиналып қалып едік. Бүгін міне адам басына жүз мыңнан ақша бөлініп, алдық. Бұл қаражат үйдегі неше жылдық дүние мүлік суға ағып кетті, енді оның орнын толтырмайды ғой. Бірақ үлкен жәрдем деп білемін бөлінген ақшаны».

Ал, арнайы комиссия өлген малға қанша теңгеден төленетінін айтты. Оның көлемі 10 мың теңгеден 130 мың теңге аралығында болмақ. Сондай-ақ, көктемгі төл мен сырғаланбаған төрт түлікке де өтемақы беру жағы қарастырылмақ. Шығындарды өтеу үшін облыстық бюджеттен де қолдау көрсетілетіні мәлім болды. 1 баспананың құлағаны расталып, тағы 5 үйдің жарамдылығы тексеріліп жатыр. Қалған ғимараттар мен үйлердің, қосымша құрылыс нысандарының шығыны да есептелуде.

Tags: Turkistanzaman.kzЗардап шеккендер көмексіз қалмады
Келесі жаңалық

Отан алдында борышын өтегендерге жағдай жасалады

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 250 млн теңгенің салығын төлемеген кәсіпкер сотталды
Қоғам

Шымкентте 250 млн теңгенің салығын төлемеген кәсіпкер сотталды

15 Қараша, 2022
Алматыда бір тәулікте 160-тан астам жол апаты тіркелді
Аймақ

Алматыда бір тәулікте 160-тан астам жол апаты тіркелді

9 Қараша, 2022
Алматыда ұйымдасқан топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан
Қоғам

Алматыда бала саудасымен айналысатын қылмыстық топ 6 сәбиді сатып үлгерген

7 Қараша, 2022
Мүгедек жандардың сайлауда дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған
Қоғам

Мүгедек жандардың сайлауда дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған

4 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Отан алдында борышын өтегендерге жағдай жасалады

Отан алдында борышын өтегендерге жағдай жасалады

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz