Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Билік

Түркиядағы сапарға шолу

Түркиядағы сапарға шолу
11 Мамыр, 2022
in Cаясат, Билік
0
0
SHARES
28
VIEWS

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет мемлекеттік сапармен Түркия республикасына барды. Режеп Тайып Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіп, бас-аяғы 14 құжатқа қол қойылды. Бауырлас елдер сауда-саттықты бірнеше есе көбейтуге уағдаласты. Айта кетерлігі, Алтайдан басталған қазақ көшінің қасиетті Анадолы топырағына жеткеніне биыл 70 жыл толды. Ал Қазақстан мен Түркия арасында дипломатия орнағанына биыл 30 жыл.

Қазақстан президентін «Эсенбоға» әуежайынан Түркия вице-президенті Фуат Октай мен осы елдің басқа да лауазымды тұлғалары күтіп алды. Бұл жолы қазақ делегациясы Анкараға кең құрамда келді. Сәлемдесу рәсімінде Ердоған министрлермен мұқият тілдесіп, пікір алмасты. Тіпті Бағдат Мусиннің келбетіне таң қалып, министрдің жасын сұраған.

Мемлекет басшысының сапары тарихи орыннан басталды. Анкараның қақ ортасында орналасқан Анытқабір барша түріктердің қастер тұтар орны. Мұнда Түркияның негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Ататүріктің сүйегі жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік сапарын біртуар тұлғаның рухына тағзым етуден бастады.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі Режеп Тайып Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы Түркияны Еуразия құрлығындағы ең маңызды әрі сенімді серіктесі санайтынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР президенті:
«Бұл сапар саяси сауда экономикалық инвестициялық мәдени-гуманитарлық әскери техникалық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан ары нығайтуға мүмкіндік береді. Әсіресе транс каспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін толқы пайдалануға екі елде мүдделі. Геосаяси ахуал ушығуға түскен мұның мән маңызы айрықша. Біз қазақ-түрік ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру үшін кеңейттілген стратегиялық кеңістіктер туралы бірлескен мәлімдеме қабылдадық».

Әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Ресей мен Украина арасындағы соғыс мемлекетіміздің экономикасына салқынын тигізіп жатыр. Осы ретте Реджеп Тайып Ердоған қазақ пен түріктің аспаны ашық болуы үшін әрдайым жәрдем беруге әзір екенін жеткізді.

Реджеп Тайып Ердоған — Түркия республикасының президенті:
«Біз әріптестігімізді кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік. Түркия мен Қазақстан – ортақ тарих, тіл, дін және мәдени құндылықтардан қуат алған әрі мықты байланыс орнатқан бауырлас мемлекеттер. Біз Түркия елі Қазақстанның тұрақтылығы мен тыныштығына ерекше көңіл бөлеміз. Сіздің Жаңа Қазақстанды құру жолындағы күш-жігеріңіз бен табандылығыңызды құрметтеймін. Осы бағыттағы ауқымды реформаларыңызды қолдаймын»

Ресми шаралардан кейін Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін де ойнады. Бұл кездесу – елеулі саяси оқиға болғандықтан жергілікті ақпарат құралдары сәт сайын хабар таратты. Ал бірінші күннің қорытындысы бойынша тараптар байланысты күшейтуге бағытталған 15 меморандумға қол қойды. Бұдан бөлек президенттер кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдемеге келді.

Tags: Turkistanzaman.kzТүркиядағы сапарға шолу
Алдыңғы жаңалық

Бейбіт күннің батыры

Келесі жаңалық

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
Cаясат

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023
Антикор басшысы Президентке есеп берді
Билік

Антикор басшысы Президентке есеп берді

11 Сәуір, 2023
Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі қызметіне тағайындалды
Билік

Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі қызметіне тағайындалды

4 Сәуір, 2023
Түркістан өңірінде туризм саласын дамыту жолдары сарапталды
Басты жаңалықтар

Түркістан өңірінде туризм саласын дамыту жолдары сарапталды

16 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz