Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Кәріз суы өзенге құйылып жатыр

Кәріз суы өзенге құйылып жатыр
16 Мамыр, 2022
in Өзекті мәселе
0
0
SHARES
28
VIEWS

Кәріз суы өзенге құйылып жатыр. Түркістан облысы Төлеби ауданындағы су жаңа көпқабатты үйлердің тұрғындары арнамызға осылай деп шағымданды. Олқылықтың табиғатты ластап жатқанынан бөлек, жағымсыз иісі де қолқаны қабады дейді олар. Жүріп-тұру мүмкін емес көрінеді. Олар баспанаға әрең қол жеткізіп, қуаныштары су сепкендей басылған жұртшылық

Тұрғын: «Мынау жаңадан берілген үйлердің септик кәріз жүйесі жоқ. Осы арыққа ағызады да, барып өзенге құяды».

Бұл – Леңгір тұрғындарының бізге жолдаған бейнежазбасы. Қаладағы жаңадан салынған көпқабатты үйлерден аққан қалдық су далаға ағып жатқанын көруге болады. Себебі, кәріз суы құбырлары орталықтандырылған жүйеге қосылмаған. Ал одан шыққан иіс қолқаны қауып, жұртті әбден мезі еткен.

Роза Мелдешова — қала тұрғыны:
«Осы канализацияның иісін иіскеп, сасық иіспен демалып жатырмыз. Біз шыдай алмаймыз мұндай иіске. Мына канализация заңсыз тұр мына жерде. Әкімдікке қанша айтылды бұл, олар акиматтар қимылдамайды. Жөндеп жасамайды, істемейді».

Мәриям Бағысбаева — қала тұрғыны:
«Терезені ашайын, балконнан шығайын, анау үйдің малағының иісі келеді. Мына мусордың иісі келеді. Мына жақтан канализацияның иісі келеді. Сонда мен қалай демаламын, екі инвалид баламен тем более. Ал төбеде де бала-шаға бар, олар қалай демалады? Кәріз суы септикке сыймай жатыр, тасып жатыр ше. Тасып, ол өзенге құйылып жатыр».

Мұндағы жұрт аулада жүру мүмкін емес деп отыр. Тынысы тарылғандар тіпті терезелерін ашып, аулада серуендеуден қалған. Шайынды судан сол маңдағы жеке үйлердің тұрғындары да мезі болған.
Мұқадас Байметова — қала тұрғыны:

«Көпқабатты үйлерден шығады, ана жерге топланады. Ол лишний шығады да біз жаққа ағады. Міне үйлерге де кіріп жатыр, құдықтарымыздың сулары да жаман болып жатыр. Балдарымыз, немерелеріміз бәрі ауырып жатыр. Үстеріне жара шығып жатыр. Өзіміз де іше алмаймыз, екі жыл болды су тасып ішеміз».

Ал, жергілікті билік жылдар бойы қордаланған мәселені жақсы біледі. Тіпті қалдық судың ашық тұрғанын бұрынғы басшылардың қателігі деп отыр. Себебі жанынан қазылған шұңқыр 18 тұрғын үйге лайықталмаған. Ал, жаңасын салуға қаржы тапшы деп ақталды.

Мақсат Жұмабаев- Төлеби аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:
«Қалдық су жиналатын кәдімгі ямалары дейді ғой, сол шұқыр салуға кезінде де проекттер жасалған. Қаржы қолдау таппағандықтан ол жүзеге аспаған. Ол жер енді төбесі ашық болғаннан кейін иіс шығып жатыр ғой. Оны қазір біз енді жаңа кос салмай оның бетін жаба алмаймыз».

Қалдық су құйылатын жаңа орын салу үшін арнайы жоба жасалып қойыпты. Бірақ оған 2 млрд 600 млн теңге қажет. Бұл сомманың биыл тек елу миллион теңгесі ғана бөлініп отыр. Ал, қалаған қаражаттың қашан қаралатыны әзірге белгісіз. Сондықтан төлебилік тұрғындар жуық арада сасық иістен құтыла алмайтын сыңайлы.

Tags: Turkistanzaman.kzКәріз суы өзенге құйылып жатыр
Алдыңғы жаңалық

Инфрақұрылым қарқынды дамуда

Келесі жаңалық

Автосалондарда ұзын-сонар кезек: Жеңілдетілген автонесие беру басталды

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 250 млн теңгенің салығын төлемеген кәсіпкер сотталды
Қоғам

Шымкентте 250 млн теңгенің салығын төлемеген кәсіпкер сотталды

15 Қараша, 2022
Алматыда бір тәулікте 160-тан астам жол апаты тіркелді
Аймақ

Алматыда бір тәулікте 160-тан астам жол апаты тіркелді

9 Қараша, 2022
Алматыда ұйымдасқан топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан
Қоғам

Алматыда бала саудасымен айналысатын қылмыстық топ 6 сәбиді сатып үлгерген

7 Қараша, 2022
Мүгедек жандардың сайлауда дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған
Қоғам

Мүгедек жандардың сайлауда дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған

4 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Автосалондарда ұзын-сонар кезек: Жеңілдетілген автонесие беру басталды

Автосалондарда ұзын-сонар кезек: Жеңілдетілген автонесие беру басталды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz