Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Азап жолы: Түркістан мен Ащысайдың арасындағы жолдың тоз-тозы шыққан

Азап жолы: Түркістан мен Ащысайдың арасындағы жолдың тоз-тозы шыққан
18 Мамыр, 2022
in Өзекті мәселе
0
0
SHARES
8
VIEWS

Бұл – Түркістан мен Кентау тас жолының Ащысайға дейінгі аралығы. Ұзындығы 33 шақырым. Орташа жөндеу жұмыстары биыл аяқталуы тиіс болатын. Алайда бастамлай жатып тоқтап қалған. Қазір бұл жолды жүргізушілер — «азапты жолы» дейді. Себебі, шұрқ-тесік, өгізаяңмен жүрмесе көлігін бүлдіреді. «Жарты сағаттық жолды жарты күн жүреміз» деп налиды амалы таусылған жүргізушілер.

Кентау қаласының тұрғындар:
— Қанша сағат жүріп келе жатырмыз мына жерде жол нашар. Жүру мүмкін емес, жеңіл көліктің ходовкасын шашып жібереді.
— Көлікке емес, адамға да зиян. Көлік техника ғой енді.
— Жоқ есебі ғой. Ащысайға дейін айналма жол жасады да қалдырып кетті сол бойы. 1 жылдай болды.
— Жолдың сапасы өте нашар. Былтыр бір фирма жартысын істеп тастап кетті. Оны енді қашан бітіретінін ешкім білмейді.

Жалпы мұндағы жөнделуі тиіс жолдың ұзындығы 48 шақырым. Қазір оның 15 шақырымын басқа мердігер мекеме істеп жатыр. Ал қалған 33 шақырымын орташа жөндеуден өткізуі тиіс мердігер 2020 жылы 7 шақырым жолдың беткі қабатын қырып, одан кейін жұмысын тоқтатқан. Себеп — нарықта құрылыс материалдары қымбаттап кеткен. Жауапты басқармаға бағаны көтеру бойынша бірнеше мәрте хатпен шыққан. Алайда басқармадағылар қолданыстағы заңда күрделі жөндеу жұмыстарының бағасын көтеру жағы қарастырылмағандықтан ұсынысты кері қайтарып отырғандарын айтады.

Қайрат Фазылов – Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:
«Алайда мердігер мекеме жұмыстарды атқармауына байланысты біз қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мердігер мекемемен бүгінгі таңда келісім-шартты бұздық. Қазір осы аралықты орташа жөндеуден өткізу үшін сметалық құжаттары әзірленді. Жалпы құны 2 млрд теңге. Құжат автомобиль жолдары комитетінің қарауында. Қорытындысы шыққан соң бюджетке ұсыныс беріледі. Биыл жөндеу жоспарлануда».

Жауаптылардың айтуынша, биыл өңірде ұзындығы 760 шақырым облыстық және 109 шақырым аудандық маңызы бар жол ағымдағы жөндеуден өтеді. Сондай-ақ 68 нысан мен 4 көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Облыс орталығы мен ірі елді мекендерді байланыстыратын туристік бағыттағы жолдарға басымдық беріледі.

Tags: Turkistanzaman.kzАзап жолы: Түркістан мен Ащысайдың арасындағы жолдың тоз-тозы шыққан
Алдыңғы жаңалық

Су тасқыны салдарынан шығынға батқан кәсіпкерлерге өтемақы төленеді

Келесі жаңалық

Қуғын-сүргін құрбандары ақталмады

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 250 млн теңгенің салығын төлемеген кәсіпкер сотталды
Қоғам

Шымкентте 250 млн теңгенің салығын төлемеген кәсіпкер сотталды

15 Қараша, 2022
Алматыда бір тәулікте 160-тан астам жол апаты тіркелді
Аймақ

Алматыда бір тәулікте 160-тан астам жол апаты тіркелді

9 Қараша, 2022
Алматыда ұйымдасқан топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан
Қоғам

Алматыда бала саудасымен айналысатын қылмыстық топ 6 сәбиді сатып үлгерген

7 Қараша, 2022
Мүгедек жандардың сайлауда дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған
Қоғам

Мүгедек жандардың сайлауда дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған

4 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Қуғын-сүргін құрбандары ақталмады

Қуғын-сүргін құрбандары ақталмады

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz