Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Әлеумет

Түркістанда «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды

Түркістанда «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды
1 Маусым, 2022
in Әлеумет
0
0
SHARES
24
VIEWS

Жаңа технологиямен жабдықталған «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларды қабылдап, ем-дом көрсетеді. Маңызды нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, ем қабылдап жатқан балалармен кездесті. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы заманауи үлгіде жасақталған.

– Баршаңызды Балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Адам өміріндегі ең үлкен әрі маңызды мәселе – балаларының денсаулығы, болашағы, олардың бақытты болуы. Облысымыз елімізде ең халық тығыз орналасқан аймақ болғандықтан біз денсаулық сақтау мәселесін назарда ұстап келеміз. Орталық өте сапалы әрі жақсы салынған. Жергілікті бюджет арқылы ғимарат жөнделді. Облыс әкімдігімен бірлесе жұмыс атқарып, құрылғыларды алуға қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына рахмет. Өздеріңіз көріп тұрсыздар. Іші заманауи әрі бұл өңірде жоқ құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл оңалту орталығы балалардың денсаулығын жақсартуға оң ықпалын тигізері анық, – деді Өмірзақ Шөкеев.

Іс-шара барысында оңалту орталығындағы балаларға мерекелік сыйлықтар тапсырылды. Оңалту орталығының төсек орын саны 50 күндізгі және 10 тәуліктік болып жабдықталған. Орталықта тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, эрготерапия, сенсорлық бөлме, механотерапия, бальнеотерпаия, интерактивті бөлме, емдік дене шынықтыру, ойын бөлмелері бар. Қазіргі таңда мұнда 1-14 жас аралығындағы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларға көмек көрсетіліп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты Түркістан облысы әкімдігінің кешенді жоспары бекітілген. Оның 3-бөлімінде балалардың және мүмкіндіктері шектеулі балалардың денсаулығын нығайту мен қорғау шараларын іске асыру жоспарланған. Балалардың денсаулығын жақсарту, мақсатында Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы балаларға арналған оңалту төсек орындарын көбейтуде. Қазіргі таңда 613 оңалту төсек-орны бар, соның ішінде балаларға арналған үш оңалту орталығы, бір шипажай мен екі «Қамқорлық» орталығы қызмет атқарып жатыр.

Алдыңғы жаңалық

Түркістанда «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті

Келесі жаңалық

"Индиго" қаржы пирамидасына алданғандар: «Анамызды босатыңыздаршы»  

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі
Баға

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023
Алаяқтардың қоңырауы үшін байланыс операторларына жауапкершілік күшейтіледі
Қоғам

Алаяқтардың қоңырауы үшін байланыс операторларына жауапкершілік күшейтіледі

14 Қараша, 2022
«Менде де солай»: Министр Қазақстанда соңғы кездері не себепті интернет нашар екенін айтты
Билік

«Менде де солай»: Министр Қазақстанда соңғы кездері не себепті интернет нашар екенін айтты

1 Қараша, 2022
Қазақстандықтарға жаңа SMS-хабарламалар жіберіле бастады
Әлеумет

Қазақстандықтарға жаңа SMS-хабарламалар жіберіле бастады

21 Қазан, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
«Индиго» қаржы пирамидасына алданғандар: «Анамызды босатыңыздаршы»  

"Индиго" қаржы пирамидасына алданғандар: «Анамызды босатыңыздаршы»  

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz