Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Cаясат

Ресей саясаткері: «Ол Тоқаевтың есімін қасақана қате айтты»

Ресей саясаткері: «Ол Тоқаевтың есімін қасақана қате айтты»
21 Маусым, 2022
in Cаясат, Әлем
0
0
SHARES
32
VIEWS

Ресейлік саясаткер, мемлекеттік думада бұрын депутат болған Евгений Ройзман Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің “сөз шарпысуына” өзінше баға беріпті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Петербор экономикалық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның “ДХР” мен “ЛХР”-ды мойындамайтынын ашық айтқан. Одан бөлек Қазақстанға қарсы ақпараттық шабуыл жасайтын ресейлік жекелеген мәдениет және ақпарат саласының насихатшыларына ескерту жасаған. Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин “ескі әніне” басып, Қазақстан президентінің есімін “Кемелжемелович” деп, қате айтты. Путин Тоқаевтың атын бұрын да дұрыс атамаған кездері бар.

Ресейдің “Живой Гвоздь” ютуб-арнасында таяуда ресейлік Евгений Ройзман атты саясаткері осы оқиғаны сараптап шыққан.

“Тарихшы ретінде сіз (жүргізушіге) Қазақстанның Ресей құрамына қалай кіргенін білесіз. Одан бір кісідей хабарыңыз бар. Мәңгілік көрші әрі ешқашан ешқайда кете қоймайтын қазақтардың наразылығын (Ресейге деген) білесіз. Ол – Солтүстік Қазақстандағы әдейі жүргізілген ашаршылық”, – дейді Евгений Ройзман.

Осы кезде саясаткердің әріптесі ашаршылық “Қазақстанның солтүстігінде ғана емес, бүкіл Қазақстанда болғанын, отызыншы жылдары қазақтардың үштен бірі қырылып қалғанын” еске салды.

“Иә, қазақтар саны жағынан өз ұлтымен салыстырып есептегенде, бәрінен көп адам жоғалтқан халық. Ешкім де оны ешқашан ұмытқан емес. Бұл өте үлкен әңгіме. Мені не таңғалдырды? Сол жиында (Петербор экономикалық форумында – авт.) айтылған сөздердің түсініксіз болғаны соншалық, ол сөздер тіпті бір-біріне қарама-қайшы болып та жатты.

Екіншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев өзін қалай ұстамды, зиялы, ойлы ұстағанына мән беріңіздер. Салыстырып қарасаң, жер мен көктей (Ресей президентімен салыстырып отыр – авт.). Оған (Тоқаевқа – авт.) деген құрмет пайда болды. Оны сол жерде бәрі көрді”, – деп жалғастырады сөзін Ройзман.

Ресейлік саясаткер Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ уақыт бойы Біріккен Ұлттар ұйымында еңбек еткенін, көп тіл білетінін, президенттікке дейін дипломат болғанын, форумда өзін бір елдің басшысы деңгейінде лайық ұстағанын айтады. Ол сонымен қатар, екі елдің басшысының айырмашылығын бәрі көргенін де атап өтеді.

“Иә, оның жағдайы күрделі. Дәл қазір өзін “тәртіпті” ұстауға мәжбүр. Бірақ жалпы бәріне тәртіпті болу керек, негізі. Оған қоса Тоқаевтың шығыс халықтарына тән тәрбиесін байқаймыз. Ол тәртіпті болу керектігін түсінеді. Көпшіліктің алдында оны қорласа да (бұл жерде Ройзман Путиннің Тоқаевтың атын қате айтқанын меңзеп тұр – авт.), ол өзін тәртіпті ұстап отыр. Бірақ меніңше адамның атын дұрыс атамау жағдайлары ешқашан ұмытылмайды. Бұрын шенеунік болған өз басым бір кісідей білемін: кез келген шенеуніктің атын басқа бір шенеунік атын атамай, басқа атпен атаса, “аппарат тілінде” бұл жағдай сенімен ол адамның санаспайтынын, сені көзге ілгісі келмейтінін білдіреді. Кез келген шенеунік үшін бұл өте салмақты сигнал. Бұл – сені құрметтемеудің белгісі”, – дейді ол.

Евгений Ройзманның айтуына қарағанда, Путиннің Тоқаевтың атын көпшіліктің алдында қате айтуының осындай астары бар.

“Меніңше, Тоқаев өз позициясын нақты білдірді. Адамша айтты. Екіншіден, Тоқаев “ДХР” немесе “ЛХР” туралы айтылар болса, келесі тақырып Петропавлда да сондай әңгіме қозғалуы мүмкін екенін жақсы біледі. Кезінде бұл тақырыпты естеріңде болса Лимоновтардың көтергенін білесіздер ғой. Тоқаев ойлы адам – бәрі беске білетін әңгімені айтып отыр. Менің ойымша, “ДХР” мен “ЛХР” – Украинаның “денесіне” әдейі салынған жарақат іспеттес. Ол (Тоқаев – авт.) әр нәрсені өз атымен атап отыр”, – деп түйеді саясаткер.

Алдыңғы жаңалық

Қостанай облысында Ахмет Байтұрсыновтың туып-өскен үйі бұзылды

Келесі жаңалық

Қарағандылық бас есепшісі 90 миллион теңге жымқырған

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
Cаясат

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023
Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады
Басты жаңалықтар

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023
БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр
Басты жаңалықтар

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Түркиядағы екінші жарылыстың себебі анықталды
Әлем

Түркиядағы екінші жарылыстың себебі анықталды

16 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Қарағандылық бас есепшісі 90 миллион теңге жымқырған

Қарағандылық бас есепшісі 90 миллион теңге жымқырған

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz