Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Білім

Түркістан облысында  құжаты жоқ үйлер көбейген

Түркістан облысында  құжаты жоқ үйлер көбейген
21 Маусым, 2022
in Білім
0
0
SHARES
38
VIEWS

Түркістан облысында  құжаты жоқ үйлер көбейген. Мәселен Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінде мыңнан астам тұрғын үй мемлекеттік тіркеуге алынбаған. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге  баспана салуға тиым салынған. Бірақ  жұрт оған құлақ аспайды дейді жергілікті билік өкілдері. Бұл туралы turkistan.tv хабарлады. 

Сабыржан Халманов Қарабұлақ ауылының тұрғыны.  Қолында ешқандай құжаты болмаса да, баспана тұрғызып жатыр. Жер телімі үй салуға арналмағанын әкімдік тарапынан ескертілген. Бірақ құлақ аспапты. Мұндай  әрекетке баруымның өз себебі бар дейді ол. Бір үйде төрт келін симаған соң, екеуінің еншісін бермек.

САБЫРЖАН ХАЛМАНОВ, ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

— Әкімшіліктен сұрасақ жер бермейді. Ақша бермейді. Бәрібір салуымыз керек қой, өмір сүруіміз керек қой. Күн көру керек. қарапайым халық не істейміз енді, өз жерімізде өмір сүрмей кетеміз бе?! Сол үшін салып жатырмыз үй. Басқа шарамыз қалмады. 

Алпыс мыңға тарта тұрғыны бар Қарабұлақта Сабыржан секілді мыңнан аса үй осылай салынып кеткен. Тіпті құрылысты енді бастағандар да жетерлік.  Жергілікті халық мұның заңсыз екенін жақсы біледі. Бірақ баспана салуды тоқтатар емес.

ӘБДІШҮКІР ӘБДӘЗИМОВ, ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

— Құжатсыз сатып алынған. Көпшілік істеген нәрсені істейміз, мен сияқты үйді жүзге тарта заңсыз салғандар бар. Солардың барлығын алып жатса, бізде заңға бағынамыз.

Қазіргі таңда заңсыз құрылыс көбеймесе азайған жоқ. Оны тоқтатуға жергілікті биліктің де, құзырлы органдардың да шамасы жетер емес. Ауыл әкімі тұрғындар «құрылысты тоқтат» деген ескертуді елемей, бір түнде үйдің іргетасын құйып, кірпішін қалап үлгеріп жатқанын айтады.

КАМИЛЖОН АБДИЛАХАТОВ, ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

— Іргетасын қазып қойған болса, таңертең барып көрсеңіз кірпішін қалап қойған болады. Тіпті бір күнде кірпішті қалап үлгеріп жатқандар да бар. Өйткені біз үлгере алмай қаламыз. Түнде кеп оларды тоқтату мүмкіншілігі жоқ.

Статистикаға жүгінсек, Қарабұлақ ауыл округінде 7 мыңнан астам адам жердің кезегінде тұр. Соңғы он жылдан бері ешкімге жер телімі берілмеген. Атқамінерлер егістік жерлерге  үй салып алғандар енді құжатын заңдастыруға міндетті деп отыр. Десе де мұны атқару оңайға соқпайды.

ШУХРАТУЛЛА УБАЙДУЛЛАЕВ, САЙРАМ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

— Тек қана сот арқылы меншік иесін таниды немесе кадастр бағасымен үкіметтен алгоритмге сәйкес сатып алады жерді. Көп халық көнбей жатыр сатып алуға. Жағдайлары дұрыс келмейді. 

Ауылда заңсыз салынған мыңнан аса үйдің тек жиырма сегізіне құжат рәсімделген. Өзгелері қаралу үстінде. Қарабұлақта тұрғын үй тұрмақ, кәсіпкерлік нысандар да ауылшаруашылығы мақсатындағы жерге салынып кеткені анықталған. 28 нысан шаруа қожалығына тиесілі аумаққа тұрғызылыпты. Оларды бұзу бойынша істің сотқа өткені белгілі болды.

Алдыңғы жаңалық

Асхат Аймағамбетов: «Мектеп асханасы мен дәретханасына қатысты мәселені түбегейлі шешуіміз керек»

Келесі жаңалық

Түркістан: Келес ауданында республикалық ақындар айтысы өтті

Ұқсас жаңалықтар

Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
Білім

Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

8 Қараша, 2022
Түркістандық оқушылар Түркиядан жеңіспен оралды
Білім

Түркістандық оқушылар Түркиядан жеңіспен оралды

7 Қараша, 2022
2023 жылдан бастап студенттерге 2-3 пайызбен кредит беріледі
Білім

2023 жылдан бастап студенттерге 2-3 пайызбен кредит беріледі

1 Қараша, 2022
Оқушы сөмкесін планшетке айналдырамыз
Білім

Оқушы сөмкесін планшетке айналдырамыз

1 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Түркістан: Келес ауданында республикалық ақындар айтысы өтті

Түркістан: Келес ауданында республикалық ақындар айтысы өтті

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz