Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

Ақтауда Аналар үйінің арқасында 156 бала жетімдер үйіне түспей, анасының жанында қалған

Ақтауда Аналар үйінің арқасында 156 бала жетімдер үйіне түспей, анасының жанында қалған
6 Қыркүйек, 2022
in Аймақ, Қоғам, Өзекті мәселе
0
0
SHARES
14
VIEWS

Ақтауда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы талқыланды, деп хабарлайды Turkistanzaman ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиевтің қатысуымен «Отбасы – бала үшін ең жақсы орын» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Онда Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-жетімдік мәселесін шешу жолдары талқыланды. Шараны «Ана үйі» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Жиында сөз сөйлеген Ұлықбек Тінәлиев жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мемлекеттік органдар мен ел басшылығының тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

— Балаларымыздың жарқын болашағы еліміз үшін өте маңызды. Өкінішке орай, біздің қоғамда ата-аналары болса да, жетім қалған балалар бар. Бүгінгі таңда бұл — басты мәселе. Біздің облыста 456 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар. Оның ішінде 397 бала қорғаншылықта және қамқорлықта, 10 бала патронаттық тәрбиеде, 49 бала интернатта тәрбиеленіп жатыр. Әр бала өз отбасында тәрбиеленіп, отбасылық құндылықтарды сезініп өсуі керек. Бұл бағытта «Ана үйі» қоғамдық қоры үлкен үлес қосып жүр. Сондықтан осы мәселені шешуге бірге атсалысайық, — деп атап өтті Ұлықбек Тінәлиев.

Ақтау қаласындағы «Аналар үйі» ресурстық орталығының 8 жылдық жұмысының арқасында 156 бала балалар үйіне түскен жоқ.

Сонымен қатар қор өмірлік қиын жағдайға тап болған жас босанған аналарға көмек көрсетеді, оларға баспана, медициналық және психологиялық көмек көрсетеді.

Қазіргі уақытта қор еліміз бойынша 6 мыңға жуық анаға қамқорлық жасайды.

Сондай-ақ қор жетім балаларды қазақстандық отбасыларға орналастыру мақсатында «Бала асырап алу» жөніндегі ұлттық агенттік бағытын дамытуды бастады.

«Ана үйі» ҚҚ басшысы Ажаркүл Қылышбаеваның айтуынша, жетім балаларға көмек көрсету, атап айтқанда, сәбилердің балалар үйіне түспеуіне жол бермеу және жетім балалар санын азайту мәселелеріне қоғамның назарын аудару үшін білім беру мекемелерінің, қоғамдық және сараптамалық ұйымдардың бірлесіп жұмыс жасауы аса маңызды.

Жиында аталған мәселе талқыланып, шешу жолдары ұсынылды.

Алдыңғы жаңалық

Кентауда дүкендегі жанжал кісі өліміне алып келді

Келесі жаңалық

Тапқан табысынан салық төлемеген таксистерге 46 мың теңге айыппұл салынады

Ұқсас жаңалықтар

4%-дық несиемен темір тұлпар
Баға

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023
Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?
Аймақ

Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?

4 Сәуір, 2023
Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған
Аймақ

Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған

16 Қараша, 2022
Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті
Аймақ

Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті

15 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Тапқан табысынан салық төлемеген таксистерге 46 мың теңге айыппұл салынады

Тапқан табысынан салық төлемеген таксистерге 46 мың теңге айыппұл салынады

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz