Ақтауда қала күніне орай Каспий теңізінде кемелер шеруі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қала күніне орай Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бірқатар шарасы жоспарланған. Солардың бірі – теңіздегі кемелер шеруі. «Маңғыстау», «Орал», «Сарыарқа», «Қазақстан» Әскери-теңіз күштері корабльдері, «Жайық» гидрографиялық кемесі, «Алатау» мина-тралдық кораблі, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бес кораблі мен катері қатысқан шеру өтті», — деп мәлім етті ҚР Қарулы күштерінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери оркестрі және ансамблі қала тұрғындары үшін отан қорғаушыларға арналған патриоттық концерт ұйымдастырды. Саптық даярлық элементтерін және қарумен дефиле көрсеткен «Құрмет» қарауыл ротасының өнері көрермендерді тәнті қылды.






РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
