Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

Әскерге барудан қашқандарды бірнеше жылға соттау ұсынылды

Әскерге барудан қашқандарды бірнеше жылға соттау ұсынылды
17 Қазан, 2022
in Аймақ, Қоғам
0
0
SHARES
30
VIEWS

Петропавлда әскери есепте 9 мыңға жуық әскерге шақырылушы тұрса, соның 510-ның жүрген жері белгісіз. Осыған байланысты мамандар ҚР Қылмыстық кодексіне өзгеріс енгізіп, әскерге барудан қашқандарды 1-ден 6 жылға дейін соттауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавл қалалық қорғаныс істері басқармасының басшысы Бауыржан Есенеев аппарат кеңесінде күзгі әскерге шақыру науқанының барысы жайында айтты.

Петропавлда әскери есепте 8 711 адам тұр. Олардың тек 518-і ғана биыл әскер қатарына алынбақ. Қалғандары отбасылық жағдайға, оқуына, мұғалім болуына байланысты, денсаулығына қатысты уақытша босатылған. Ал әскерге шақырылуы тиіс 510 жігітті мамандар таба алмай жатыр.

«Әскерге шақыру науқанын өткізуде бірқатар мәселе бар. Солардың ең бастысы – әскерге шақырылушылардың жүрген жерін анықтау. Бізде әскери есепте тұрғандардың тұрғылықты жері мен уақытша мекен жайы халыққа қызмет көрсету орталығының электронды базасы арқылы нақтыланды. Алайда олар көрсетілген мекенжайларда тұрмайды. Тағы 180 адам Қазақстан аумағынан шығып кеткен. Бұл ҚР ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті шекара қызметінің берген мәліметі», — дейді Бауыржан Есенеев.

Маманның айтуынша, әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясына келуге мәжбүрлейтін заңды тетіктер қарастырылмаған. Сондықтан нормативті-құқықтық актілерге бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынбақ.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 387-бабына өзгеріс енгізуді ұсынамыз – әскери қызметтен өтуге бас тартқандарға, шақыру учаскесіне, облыстық жинақтау пунктіне келмегендерді 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесу. Ал әскерге бармау үшін өзіне-өзі жарақат салатындарға, өтірік ауыратындарға, жалған құжат жасайтындарға және шақыру учаскесіне, облыстық жинақтау пунктіне екі және одан артық келмегендерге 3 жылдан 6 жылға дейін жаза кесуді ұсынамыз», — дейді Бауыржан Есенеев.

Алдыңғы жаңалық

Сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

Келесі жаңалық

Қытайдың үш автокөлік бренді Қазақстанда зауыт ашуға ниетті

Ұқсас жаңалықтар

4%-дық несиемен темір тұлпар
Баға

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023
Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?
Аймақ

Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?

4 Сәуір, 2023
Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған
Аймақ

Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған

16 Қараша, 2022
Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті
Аймақ

Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті

15 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Қытайдың үш автокөлік бренді Қазақстанда зауыт ашуға ниетті

Қытайдың үш автокөлік бренді Қазақстанда зауыт ашуға ниетті

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz