Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Билік

Түркістандық полицейлерге 250-ден астам жаңа қызметтік көлік берілді

Түркістандық полицейлерге 250-ден астам жаңа қызметтік көлік берілді
10 Қараша, 2022
in Билік
0
0
SHARES
7
VIEWS

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Түркістан облысы Полиция департаменті жаңа көліктермен толықты. Түркістан қаласындағы тікұшақ алаңында өткен салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов пен жеке құрам қызметкерлері қатысты. Облыс әкімі тәртіп сақшыларын құттықтады.

– Бүгін өздеріңізбен қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Облыстың тәртіп сақшыларының автопаркі жаңаруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының әлеуметтік және материалдық-техникалық базасын нығайтуды тапсырған болатын. Бұл бағыта Түркістан облысында нақты жұмыс бар. Қазіргі таңда Түркістан қаласында Полиция департаментіне арналған жаңа ғимараттың құрылысы аяқталуға жақын. Елде тыныштықты сақтауда, Түркістанды түлетуде сіздердің де қосар үлестеріңіз мол. Сондықтан халыққа одан да сапалы қызмет көрсетулеріңіз үшін Сіздерге су жаңа көліктер тапсырылуда. Жұмыстарыңызға абырой мен сәттілік тілеймін! – деді Дархан Сатыбалды.

Жыл басынан бері Түркістан өңірінің полиция қызметкерлеріне 252 жаңа қызметтік көліктің кілті табысталды. Соның бірқатары бүгінгі салтанатты жиында тәртіп сақшыларына ұсынылды. Атап айтсақ, ҚР ІІМ мен жергілікті әкімдіктің қолдауымен өңірдің патрульдік полиция қызметкерлері – 94 бірлік, учаскелік полиция инспекторлары – 64 бірлік, уақытша ұстау изоляторы – 12 бірлік, аудандардың тергеу бөлімі – 17 бірлік, кезекші бөлімдер – 20 бірлік қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ қала, аудандарға автобустар мен автозактар үлестірілді. Тәртіп сақшыларына берілген темір тұлпарлар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған. Дыбыс күшейткіш қондырғысы мен рациясы бар. JPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады. Салтанатты шарада облыс әкімі Полиция департаменті бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында тиімді шаралар қабылданғанын атап өтіп, құттықтау сөзін сөйледі.

Облыстың бас полицейі М.Қабденов: «Полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық жабдықтау – қылмыстың санын азайтуға септігін тигізуде. Осы ретте алдағы уақытта Президент пен Ішкі істер министрінің тапсырмалары мен нұсқауларының сапалы орындаларына сенім білдіремін. Сервистік полицияны жүзеге асырып, жұртқа жақын болу мақсатындағы жұмыстар одан әрі жанданатын болады», деп іс-шараны түйіндеді. Салтанатты рәсім жаңа техниканың шеруі және жеке құрамның саптық байқауымен аяқталды.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында есірткі сақтаған зейнеткер сотталды

Келесі жаңалық

Түркістан облысында көлік жолдарын қысқы мезгілге дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ұқсас жаңалықтар

Антикор басшысы Президентке есеп берді
Билік

Антикор басшысы Президентке есеп берді

11 Сәуір, 2023
Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі қызметіне тағайындалды
Билік

Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі қызметіне тағайындалды

4 Сәуір, 2023
Түркістан өңірінде туризм саласын дамыту жолдары сарапталды
Басты жаңалықтар

Түркістан өңірінде туризм саласын дамыту жолдары сарапталды

16 Қараша, 2022
Партиялық емес байқау орталығы 1800-ге жуық байқаушыны даярлады
Билік

Партиялық емес байқау орталығы 1800-ге жуық байқаушыны даярлады

15 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Түркістан облысында көлік жолдарын қысқы мезгілге дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында көлік жолдарын қысқы мезгілге дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz