Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

Түркістан облысында көлік жолдарын қысқы мезгілге дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында көлік жолдарын қысқы мезгілге дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр
10 Қараша, 2022
in Аймақ, Қоғам
0
0
SHARES
22
VIEWS

Бүгін өңірлік комммуникациялар қызметінде Түркістан облысындағы автомобиль жолдары мен медициналық қызметтердің, жылыту пункттерінің қысқы дайындығы бойынша брифинг өтті.

Баспасөз мәслихатында Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов өңірдегі автожолдардың қысқы әзірлігі, техникалардың дайындығы туралы баяндады.

— Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы — 4014,74 шақырым. Оның ішінде 1943,3 шақырымы бірінші кезектегі қардан тазаланып, инертті материалдар себілетін жолдары болса, 434 шақырымы — таулы аймақтарда қар қатты басып қалуы қаупі жоғары аймақтар. Өңірдегі жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына 125 арнайы техника жұмылдырылған. Жолдарды дер кезінде тазалап, көк тайғақтың алдын алу үшін 4636 м3 құм және 437 тонна тұз әзірленген. Бүгінгі таңда, инертті материалдар аудан, қалалардағы қоймаларға жиналған, — деді Ролан Бекмағамбетұлы.

Басқарма басшысының айтуынша, арнайы техникаларға пайдаланылатын жанар-жағармай жеткілікті. Сонымен қатар, ауа райының қолайсыз мезгілінде жолда қалып қойған жолаушыларға жағдай жасау мақсатында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, асуларда 4 жылыту бекеті әзірленді. Яғни, «Шыбықбел», «Одаманбұлақ», «Ащысай» және «Таскөмірсай» жылыту бекеттерінің бір мезгілде 40 адамды қабылдауға мүмкіншілігі бар. Төсек-орынмен және азық-түлікпен басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етілген.

— Бәйдібек, Созақ, Төлеби аудандары аумағымен өтетін автомобиль жолдарының бойында, қар басып қалу ықтималдылығы жоғары аймақтарда жалпы ұзындығы 2560 қума/метр қар тоқтатқыш қоршаулар орнатылған. Сондай-ақ, 715 дана ескертуші «Тайғақ жол» 1.15 жол белгілері қойылды, — деді Ролан Бекмағамбетұлы.

Брифингте Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Ерік Сарыбаев өңір тұрғындарын сақтық шараларына мұқият болуға, дауылды ескертулер берілген кездерде алыс жолға шықпауға шақырды.

— Қысқы дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Департамент тарапынан 502 адам, 33 техника дайындыққа келтірілді. Бүгінгі таңға облыс аумағында есепке алынған қар басатын жалпы 22 аумақ бар. Қар құрсауында және күрделі метеожағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жалпы 11 жылыту пункті, 3 «Апаттар медицина орталығы» филиалының бекеттері дайындалған. Облыс тұрғындары мен қонақтарынан дауылды боран, қар т.б. ескерту алған соң ұзақ жолға шықпауды сұраймыз. Қыс маусымында ауа райының күрт өзгеруі кезінде жолдарды жабу барысында басқа айналма жолдармен автокөлік иелерінің жолға шығып кетудің соңы үлкен өкінішке әкелуі мүмкін. Автобекеттер басшылары да қысқы маусымда жолға шығу мәселелерін пысықтап, яғни автобустардың доңғалақтарының сәйкестігіне, қыстық дизель отынымен қамтамасыз етілгендігіне және техникалардың жарамдылығына аса назар аудару қажет, — деді Ерік Темірханұлы.

Алдыңғы жаңалық

Түркістандық полицейлерге 250-ден астам жаңа қызметтік көлік берілді

Келесі жаңалық

Түркістанда балаларға арналған спорт жобасы тоқтап қалған

Ұқсас жаңалықтар

4%-дық несиемен темір тұлпар
Баға

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023
Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?
Аймақ

Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?

4 Сәуір, 2023
Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған
Аймақ

Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған

16 Қараша, 2022
Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті
Аймақ

Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті

15 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Түркістанда балаларға арналған спорт жобасы тоқтап қалған

Түркістанда балаларға арналған спорт жобасы тоқтап қалған

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz