Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

ТҮРКІСТАН: Төлебиге оқушылар тасымалы үшін 100 автобус бөлінеді

ТҮРКІСТАН: Төлебиге оқушылар тасымалы үшін 100 автобус бөлінеді
3 Маусым, 2022
in Аймақ
0
0
SHARES
10
VIEWS

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Төлеби ауданы тұрғындарымен кездесуінде инфрақұрылым, жер беру, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, мектеп ғимаратын жөндеу, электр қуатымен қамту, мәдениет үйін салу, жайылым және өзге де мәселелер көтерілді. Облыс әкімі алдымен еліміздегі саяси реформаларға, облыстың экономикалық көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, жұртшылықты референдумға қатысуға шақырды.

Қаланы сапалы электрмен қамту жөніндегі сұраққа бұл мәселе жеке бақылауында тұрғанын, республикалық бюджетке ұсыныс енгізіліп, Леңгірдің электр және кәріз мәселесі шешімін табатыны жөнінде жауап берді. Сонымен бірге жайылым тапшылығын жою бағытында жұмыс жалғасатынын, бұл ретте тұрғындар, қоғам белсенділері де бірлесе жұмыс атқаруы керек екенін, малды жайылымға жіберіп қана қоймай, бордақылау алаңдарын көбейту дұрыс қадам болатынын жеткізді. Сондай-ақ кәсіпкерлікке қолдау, қаланы абаттандыру, жер беру мәселелері бойынша да өтініштерге жауап берді. Оқушылар тасымалы, туризмді дамыту, екі ауылдық округте мәдениет үйін салу түйткілдері де тарқатылды.

– Төлеби ауданында өмір сүретін адамдарды бақытты деп есептеймін. Өйткені табиғаты айрықша, өмір сүруге өте қолайлы. Ауданның туристік әлеуетін көтеруде ауыл тұрғындарын осы салаға баулу керек. Өзбекстанның тәжірибесіне сүйеніп, әр үйді туристер түсетін қонақ үй ретінде бейімдеп, ел табысын арттыруға толық мүмкіндік бар. Кәсіпкерлік туралы сұраққа келсем, бізге үлкен зауыттардан гөрі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қолайлы. Мемлекет тарапынан тегін оқулар өткізіліп, гранттар берілуде. Қолдау күшейтіледі. Мектеп салудың өз заңдылығы бар. 200-300 адам тұратын елді мекендерге мектеп салу тиімсіз. Бұл ретте біз оқушыларды көрші ауылдардағы білім ұяларына тасымалдау жөн деп есептейміз және таяу уақытта облысқа оқушылар тасымалы үшін 100 автобус бөлінеді деп жоспарланып отыр, – деген Өмірақ Естайұлы одан кейін бір топ тұрғынды жеке өтініштері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындардың бірі осыдан бір ғасыр бұрын салынған көпқабатты үйлердің апатты жағдайын айтты. Облыс әкімі бұл түйткіл назарға алынып, жаңа үйлер салу бойынша жұмыс жүретінін жеткізді.

Төлеби ауданында былтыр өнеркәсіп өнімінің көлемі – 45,4 млрд. теңгені, инвестиция көлемі – 16,7 млрд. теңгені,  ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 55,6 млрд. теңгені құрады. Биыл 65 мың гектардан астам жерге егін егіледі. «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 165 жоба іске асады. Былтыр ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 6 млрд. теңгені құрап, 31856 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 17 елді мекенде 33 жоба іске асырылған. 10 елді мекенде жалпы ұзындығы 47,7 шақырым болатын 28 көшеге асфальт төселген. 5 елді мекенге жаңа ауыз құбыры тартылып, 1 нысан пайдалануға берілді.

Алдыңғы жаңалық

Автонесиеге өтінім қабылдау қашан басталады?

Келесі жаңалық

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да қақтығыс

Ұқсас жаңалықтар

Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?
Аймақ

Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?

4 Сәуір, 2023
Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған
Аймақ

Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған

16 Қараша, 2022
Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті
Аймақ

Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті

15 Қараша, 2022
Арыста көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақ

Арыста көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр

15 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да қақтығыс

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да қақтығыс

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz