Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

Түркістан: Тұрғындар арықтың суын ішуге мәжбүр

Түркістан: Тұрғындар арықтың суын ішуге мәжбүр
11 Маусым, 2022
in Аймақ
0
0
SHARES
13
VIEWS

Арықтан су ішетін ауыл. Миллиондап ақша бөлінсе де Түркістан облысындағы Ақжол мен Қауыншы елдімекендерінің тұрғындары таза суға қол жеткізе алмай отыр.  Былтыр тағы 900 млн. теңге қазынадан қаралған. Бірақ белден қазса да, бір тамшы су шықпай тұрғындардың жанған үміті, су сепкендей қайта басылған. 

Өзбекстанмен шекарада орналасқан Ақжол мен Қауыншы ауылдарының күні арықтың суына қарап тұр. Ол су малға да жанға да ортақ. Алайда тұрғындардың өзге таңдауы жоқ. Өйткені елдімекенге таза ауыз су жеткізілмеген.  Сапасыз су ішкен соң ауылда ауру-сырқау да көбейген.

 Зейнегүл Қожахметова, Алпамыс батыр ауылының тұрғыны:   

— Арықтың ішін көрсеңіз қоқыстан көз ашпайсыз. Адам көрмеген нәрсенің барлығы малдың боғы да, қиы да жатыр. Мінекей соның бәрі ағып келеді арықтан, біз соны ішеміз. Ал, больницаға барсаң қазір екінің бірі іш ауру. Қайнымның баласы іші ауырып, тағы түсті больницаға.

Кейбір тұрғындар таза суды сатып алады. Мәселен ауыл азаматы Ержан Сманов қолдан қазып алған құдығына жақында ғана бес тонна су құйдырыпты. Онысы әрі кетсе 10 шақты күнге жетеді екен. Бағасы болса удай.

Ержан Сманов, Алпамыс батыр ауылының тұрғыны: 

— Айына қыстыгүні бес тонна су кетеді, ішіп қоямыз бес тоннаны да. Ал, қазір шілдеде екі рет құйдырамыз. Он мың теңге кетеді әшейін қара судың өзіне, он мың теңге кетеді. Кір жуғанға да осыны қолданамыз, ішкенге де қолданамыз. Малға бергенді де осыны қолданамыз.

Жергілікті халықтың ауылдан суы шықпайды дегеніне қарамастан биліктегілер өткен жылы сумен қамтуға 893 миллион теңге бөлген. Тұрғындардың айтқаны айдай келетін сыңайлы, жоспарланған тереңдіктен жеткілікті су шықпапты. Қазір бірлі жарым көшедегі қазылған шұңқырлар ашық шашық күйде қараусыз жатыр.

Гауһар Жораева, Алпамыс батыр ауылының тұрғыны:  

— Он жыл бұрын істеген, үкіметтің ақшасы кетті аспанға ұшып. Енді қазір ол кезде жүз қанша миллион болса, қазір 893 млн бөлініп отыр осыған. Бірақ істеген жұмыстарын көрсеңіз адам жылайды. Техникасы жоқ. Грейдерді алты ай шақырды. Қазір бір жылға жуық уақыт өтті. 

Салаға жауаптылар бастапқыда су осы жылдың сәуір айында беріледі деп уәде еткен. Алайда енді бұл уәдесінен айнып, жыл соңында жұмысты аяқтаймыз деп отыр. Жоспарланған тереңдіктен су шыға ма жоқ па, ол жағы тағы беймәлім.

Санжар Амангелдиев, Келес аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:  

— Су барлау жұмыстарын жүргізген облыстық оңтүстік облыстық энергетика басқармасы. Ол жерде 100 метр деп берген, мердігер осыған сәйкес қазды 100 метрді. Бірақ судың дебиті аз. Енді екі көлемінде жүргізеді құрылыс жұмыстарын, ары қарай қорытындысын көреміз.

Мердігер суды қажетті көлемде шығару үшін жерді әлі қанша қазатынын да дөп басып айта алмады. Ал таза суға жарымай, таңдайы кепкен тұрғындар жоба он жыл бұрынғыдай тағы аяқсыз қалады ма деп қорқады. Ол кезде де бұрғылау жұмыстары жүргізілгенімен су шықпай, құбырлар қаңсып босқа қалған.

Алдыңғы жаңалық

Ақтөбеде "Гарант 24 Ломбард" пирамидасына қатысты айыпталушылар ұсталды

Келесі жаңалық

Кәсіпкерлерден 8 млн астам қаржыны негізсіз алған

Ұқсас жаңалықтар

Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?
Аймақ

Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?

4 Сәуір, 2023
Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған
Аймақ

Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған

16 Қараша, 2022
Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті
Аймақ

Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті

15 Қараша, 2022
Арыста көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақ

Арыста көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр

15 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Кәсіпкерлерден 8 млн астам қаржыны негізсіз алған

Кәсіпкерлерден 8 млн астам қаржыны негізсіз алған

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz