Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
qogam-uni.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

Түркістанда Маңғыстау облысының мәдени күндері өтуде

Түркістанда Маңғыстау облысының мәдени күндері өтуде
17 Маусым, 2022
in Аймақ
0
0
SHARES
10
VIEWS

Киелі өңір – Түркістанда маңғаз өлкенің екі күндік бағдарламасы өнер шеберлерінің «Маңғыстаудан мың сәлем, Түркі төрі!» салтанатты шарасымен басталды.

Шара аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев «Түркістан облысына Маңғыстаудан тарту» кіші архитектуралық ескерткішін салтанатты түрде ашты.

Облыс әкімінің орынбасары Түркістанға Маңғыстау облысы әкімінің ыстық сәлемін жолдап, бұл сапар ежелгі адамзат өркениетінің озық жетістігі — Ұлы Жібек жолының сан тарамдары кесіп өткен қос өңірдің сауда-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани байланысының жаңа бір деңгейге шығатынын айтты.

Күллі түркі дүниесі  руханиятының темір қазық, ақ ордасы — киелі Түркістанға үш жүз алпыс әулиелі-әнбиелі Маңғыстаудан, еліміздің бірден-бір теңіз қақпасы, қарт Каспийден ыстық сәлем алып келдік. Маңғыстау күндерін өткізудің басты мақсат-мұраты — бағзы бабадан бүгінге жеткен осы рухани-мәдени құндылықтарды жас ұрпаққа насихаттау, өскелең өрендердің жадында жаңғырту арқылы ұлтжандылық, отаншылдық сана-сезімді ояту деуге болады. Маңғыстау өлкесі ұлттық өнер түрлерін бәз-баяғы қалпында сақтап, жарастырып тең ұстаған халық таланттарынан кенде емес. Сондықтан екі күн бойы Түркістан халқы үшін аңыз өріп, жұмбақ жайлаған қасиетті мекеннің мәдени жауһарларымен, бірегей өнер туындыларымен етене танысудың және рухани кездесулерге қатысудың сәті түсіп отыр. Мәдени жетістіктер – қоғамның рухани  дамуының бет-бейнесі екендігін ескерсек, өңіраралық мәдени-рухани байланысты бекіте түсуге, сөйтіп бірлігімізді баянды етуге, рухымызды асқақтатуға, біртұтас мызғымас елдігімізді нығайтуға  ерекше мән беруге тиіспіз. Ұлы Түркі қағанатының, Көктүріктердің  қара шаңырағы — Ұлы Даланың, бүкіл түркі әлемінің  алтын бесігі — Түркістан шаһарындағы Маңғыстау күндеріне қош келдіңіздер! Маңғыстаудан мың сәлем, түркі төрі!,-деді  Ұлықбек Тналиев.

Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан мен Маңғыстау жұртшылығын мәдени шараның ашылуымен құттықтады.

-Түркі халқының рухани бойтұмарына айналған — Түркістанға қош келдіңіздер! Түркі халықтарының рухани ордасы, қазақ хандығының астанасы — соңғы төрт жылда дамудың жаңа кезеңіне бет алды. Оң өзгерістердің нәтижесінде қала —  облыс орталығы ғана емес, түркі халықтарының рухани-мәдени орталығы ретінде дамып келе жатыр. Бүгін тарихы терең өлке — Маңғыстаудан бір топ өкіл келді. Бұл — екі өңірдің рухани үндестігінің жаңғырып, жан-жақты байланысының нығаюының айқын көрінісі деп білемін, – деді Өмірзақ Шөкеев.

Шарада Түркі әлеміне танымал дизайнер Тәрбия Айдынбаеваның «Мифтік кейіпкерлерінің» көрсетілімі қойылды. Одан кейін «Серікбол Қондыбай және түркі мифологиясының зерттелуі» атты III Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Онда дүниежүзінің 20 астам ғалымдары мен Серікболтанушылар қатысты.

Бұдан бөлек, Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі және Маңғыстау облыстық мемлекеттік  тарихи-мәдени қорығы көрмесінің таныстырылымы өтті.

Сонымен қатар Түркістан Конгресс холлында өткен гала концертте Маңғыстаудан жеткен өнер керуені жыр мен әннен шашу шашып, мерекелік шараның берекесін келтірді.

Алдыңғы жаңалық

Түркістанда үшем дүниеге келді

Келесі жаңалық

Түркістан қаласын дамытуға тартылатын қаржының 77 пайызы – жеке инвестициялар

Ұқсас жаңалықтар

Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?
Аймақ

Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?

4 Сәуір, 2023
Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған
Аймақ

Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған

16 Қараша, 2022
Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті
Аймақ

Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті

15 Қараша, 2022
Арыста көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақ

Арыста көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр

15 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Түркістан қаласын дамытуға тартылатын қаржының 77 пайызы – жеке инвестициялар

Түркістан қаласын дамытуға тартылатын қаржының 77 пайызы – жеке инвестициялар

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@qogam-uni.kz, 
  • www.qogam-uni.kz

Басты жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

by
6 Қыркүйек, 2022
0

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

by
1 Қыркүйек, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2026 Qogam-uni.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2026 Qogam-uni.kz